Бүгін Алматыда Орта Азия елдерінің ІV Халықаралық театр байқауы басталды

Бүгін Алматыда Орта Азия елдерінің ІV Халықаралық театр байқауы басталды

21 қазан мен  27 қазан аралығында Алматы қаласында жыл сайынғы Орта Азия елдерінің ІV Халықаралық театр байқауы өтеді. Бұл жөнінде ҚР мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз-қызметі хабарлады.

Байқауда қырғыздардың Б. Қыдыкеев атындағы жастар театры, тәжіктердің М. Назаров атындағы Мемлекеттік музыкалық комедия театры, Өзбекстанның Мемлекеттік мәдениет және өнер институты мен "Өзбектеатр" шығармашылық ұжымы, сонымен қатар, Қазақстан атынан Ғ. Мүсірепов атындағы Мемлекеттік балалар және жасөспірімдар театры мен С. Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық музыкалық драма театры, Оңтүстік Қазақстан облыстық орыс драма театры мен Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры, Т. Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театры (орыс труппасы) мен Республикалық неміс драма театры және Айгүл Иманбаеваның "А. И" музыкалық театрлық орталығы бақ сынасатын болады.

Театр әртістері бұл сында өздерінің үздік қойылымдарын ұсынып, соңғы үш театр маусымында дүниеге әкелген премьераларын сахналауы тиіс.

Қазылар алқасының төрағасы – белгілі театр режиссері, Литвы атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Литвы атындағы Орыс драма театрының көркемдік жетекшісі  Йонас Вайткус. Одан басқа әділ қазылар алқасында белгілі қазақстандық режиссер, ҚР-на еңбек сіңірген қайраткер Жанат Хаджиев пен прозашы, аудармашы, драматург, Тәжікстанның көркемөнер Академиясының мүшесі Абдугаффор Абдужабборов, Қырғызстан Республикасының халық әртісі Қырғызбай Осмонов, әдебиеттанушы, өнертанушы, драматург, Өзбекстандағы "Әлем әдебиеті" республикалық журналының бас редакторы Шуҳратилла Ризаев сынды өнер иелері бар.

Қойылымдарды сараптаудан өткізу үшін сыншыларды да тағайындап қойған. Олардың арасында өнертану ғылымының докторы, профессоры, ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері Әшірбек Сығай, Ш. Айтматов атындағы тіл және әдбеиет институтының аға ғылыми қызметкері Жұлдыз Тойбаева, Өзбекстан Республикасындағы Республикалық жас көрермендер театры әдеби бөлімінің жеткшісі Наргиса Махкамова, сонымен қатар, тәуелсіз сыншы ретінде, өнертану ғылымының кандидаты, театртанушы, режиссер, қазіргі заманғы театрлардың даму жүйесі жайлы белгілі мақаланың авторы Александр Смоляковтар бар.

Театр байқауының ашылу салтанаты 21 қазан күні 17.00-де, ал жабылу салтанаты 27 қазан күні 11.00-де М. Әуезов атындағы Мемлекеттік академиялық драма тетарында өтеді.

Ал байқау қойылымдары Ғ.Мүсірепов атындағы мемлекеттік балалар және жасөспірімдар театры мен М. Әуезов атындағы Мемлекеттік академиялық драма тетарында сахналанатын болады.

Көрші елдердің өнер көшінен қалғыңыз келмесе, қонақтар қойылымдарының да көрермені болыңыз!

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: livemaster.ru

А. Әбілхан