Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Театр / Уәлибек Әбдірайымов: «Дулат ағамның әзіліне ешқайсысы жетпейді, сатириктер ренжімесін...»

Уәлибек Әбдірайымов: «Дулат ағамның әзіліне ешқайсысы жетпейді, сатириктер ренжімесін...»

Уәлибек Әбдірайымов: «Дулат ағамның әзіліне ешқайсысы жетпейді, сатириктер ренжімесін...»

Уәлибек аға, жаңалығыңызбен бөліссеңіз. Ұзынқұлақтан естуіміз бойынша, кинофильм түсіріп жатқанға ұқсайсыз. Бұл қаншалықты рас? «Шаншар» көрерменмен қашан қауышады?

- Жаңалығымыз бар, қазір біз кино түсіріп жатырмыз. «Алтын ұя» деген кинофильм ауыл мектебі туралы. Соңғы кезде телехикая боп бара жатқан сияқты. Бәріміз де ауылдан шықтық, адам болуымыз да, болмауымыз да сол мектептен басталады. Ауылдағы мектепте әдебиет, мәдениет, спорт салалары дамып жатса, онда баланың болашағынан үміт күтуге болады. Режиссері Мақсат Оспанов деген жігіт. Жалпы кино ауылды, ауылдың өмірін дәріптейді.

- Көрерменге қашан жол тартады?

- Оны енді телеарна басшылары шеше жатар. Тағы бір айтатыным, бізде трактор мен қойды көрсетсе ауыл екен деп ойлап қалатын әдетіміз бар. Негізінде, ауылда да білім бар, біз сондықтан да осы тұрпаттағы киноны түсіруге бел будық. Ал «Шаншар» туралы айтар болсақ, жаңа бағдарламамызды дайындап жатырмыз. Театрымыздың сапына жаңа актерлер келіп жатыр. Мәселен, солардың бірі деп Ғалымжан деген жігітті айта аламын. Негізі ол Жетісайдың жігіті, бұрын КВН (КТК) ойнаған.

- Жалпы әзілді қандай да бір жазушы драматургпен етене байланысып жазасыз дар ма? Әлде өздеріңіз жазып шығасыздар ма?

- Сатира деген негізі үлкен өнер ғой. Оның салалары көп. Біздің алып жүргеніміз сахна сатирасы. Біздікі интермедиялық шағын дүниелер ғой. Кинокомедияға да жақын жанр. Ал эстрадалық сатира дегеніміз тіптен бөлек. Бұларды шатастырмауымыз керек. Мұны білетін, осы тақырып төңірегінде жазатын жазушы-драматургтеріміз саусауқпен санарлық. Міне, сондықтан да, өзіміз іздеп, байқап жүріп жазамыз.

Теледидардан бағдарламаңызды көріп, сөзбен айтқанда «ырза» боп жүрміз...

- Иә, рахмет. «Әзіл Кеш» бағдарламасы «Хабар» арнасынан жүріп жатыр. Өз басым ырза болатын тұсым, біз бұл бағдарлама аясын кеңейтіп жатырмыз. Бұрынырақта тек сахна комедияларды көрсетіп жүрсек, енді кинокомедиялар мен сатира тарихын кең түрде көрсететін болдық. Біз сатира дегенде «Бауыржан шоу» немесе «Тамаша» ғана екен деп, сонымен шектеліп жүрміз ғой, бірақ әзілі сәтті шыққан, тауып айтатын адамдар туралы да сюжеттер береміз. Әзіл айтатын депутаттар, әншілер, бишілер... деген сияқты әртүрлі саладағы адамдардың тұщымды әзіл ойларына зерттеу жасап жатырмыз. Осы толыққан, кеңейтілген форматын қазанның ортасынан бастап көре аласыздар.

- Аға, Дулат Исабековтың «Ескерткіш» деген туындысына қатысты дауға қандай пікір білдіресіз? Кемеңгер жазушы Дулат ағамызға қандай жауап айтар едіңіз?

- Бұл шығарманың Дулат ағамыздыкі екенін жақсы білеміз ғой. Алғашқыда өңдеп, сахналық нұсқасын бізге Нұржан Төлендиев алып келген болатын. Сонда біз бұл дүниені Дулат Исабековтың шығармасы екенін айтқан болатынбыз. Оны сахнаға «Дулат Исабековтың «Ескерткіш» пьесасының сюжеті негізінде жазылған «Тастұғыр» қойылымы» деген атпен бергенбіз. Ол сөз кейін қалып қойған да, елге жалаң түрде таралып кеткен. Дулат ағама деген көзқарасымды айтар болсам, жалпы бізді сценаристер болсын, продюсерлер болсын, киноға көп шақырды. Сонда барған соң олардың дүниесін көріп, тіпті бағалай алмаған кездерде «Бұл дүниенің сапасы нашар, сценарийін Дулат ағамызға жаздырмайсыңдар ма?!» деп талай ұсыныс айтып жүремін. Өз басым Дулат ағамды сыйлаймын. Дулат ағамның әзіліне ешқайсысы жетпейді, сатириктер ренжімесін. Бұл кісінің халқына бергені де, берері де көп. Алла аман қылсын...

- Әзіл туралы пәлсапаңызға жол берсек...

- Әзіл киелі нәрсе. Артық кетпей күлдіру – өте қиын. Ал кекету – өнер емес. Әзіл айтқанда абай болу керек. Сатираны ақша табудың көзі етіп жүргендерді де көріп жүрміз. Шәкірт боламын деп келушілер өте көп қой. Діттегендері атақ, мансап, ақша. Ал өнер ақшаға сатылмайды. Соларға ылғи да қайталап айтып, шаршаған емеспін. Сатираны көтеріп, әлпештей білуіміз керек.

- Жастар туралы не дейсіз? Еліктеушілік дегеннен қашан құтыламыз?

- Жастардың барлығын қаралай беруге болмайды. Ішінде ара-тұра жақсы әзіл, көңілге қонымды ой айтқандары да болады. Бірақ бәрі де тілге келіп тіреледі. Жастардың тілі дамымаған. Әзіл айту үшін өз тілін барынша дамыту керек. Мәселен, елестетіп көрейік, мектеп оқушысының әзілі қандай, ал жоғары оқу орнында оқитын студенттің әзілі қандай? Әрине, арасында жер мен көктей айырмашылық бар. Ал біздің жастар тіпті де биік деңгейде тілді меңгеріп, ұлттық болмысымыздан ажырамай өнер көрсетсе құба-құп. Әзілге келемін деушілер алдымен Абай мен Мұхтарды оқысын. Жастардың деңгейіне қарап отырып былай түйіндедім. Егер дәл осы қалыппен кете берер болсақ, жиырма жылдан соң, сіз маған мұндай сұрақты қоя да алмайтын едіңіз... Жалпы бізде «Терісқақпай» деген театр болды. Олар нағыз қазақи әзілді ұсынудай-ақ ұсынып жатыр еді, көрермен олардан КВН-ді артық көріп кетті. Өкінішті, әрине. Халықтың талғамы жеңіл, шала піскен дүниеге құмар болып алды ғой. Мәселен, мен КВН-ге шықсам маған «қой!» дейтіндердің қарасы көп шығар. Көбінесе маған «Неге Задорнов, Жванецкий, Петросян сияқты көп сөйлемейсіз?» деп сұрақ қояды. Мен сөйлей аламын. Бірақ көрермен оған дайын емес.

- Аға, соңғы сұрағым бар. Артыңыздан еремін, сатиранын селебесін қайраймын деушілерге қандай кеңес айтасыз?

- Данышпан болмасақ та, айтайық. Адам болған соң ең бірінші қолыңнан не келеді, соны білу керек. Мәселен, үй сылайтын адамның әңгімесін тыңдасаңыз, «Ойбай, мен ананы немістен көрдім, мынау былай жасайды екен, менің техникам басқа» деп өнер саласы етіп, соған өзі тағы сүйсініп жатады. Міне, осы адам өз ісінің маманы. Мейлі, сіз қай салада маман иесі болсаңыз да, өз ісіңізді жақсы білуіңіз керек. Қандай іске икемің бар екенін анықтауда үлкен зерттеулер жасау керек. Көре білу керек, талдай білу керек. Өз басым қандай да бір әзіл жазсам, оны достарыма, жақын адамдарыма тексертіп аламын. Мәселен, «сатқын» сатирик Жарылқасын Дәулет, Абай Балажанов деген достарым маған шындықты айтады. Сосын анау пойызда жүрген Алпысбай Боранбайұлы деген сатирик ақынды білесіз, ол кісімен де көп ақылдасамын. Қазіргі Мәдениет министрі Дархан Мыңбаев шығармашылығыма өз пікірін білдіріп, бағасын беріп отырады. Соның өзі маған жеткілікті. Міне, сынды көтере білу, ақылдаса білу, және ең бастысы – сатираны өлтірмеймін десе мен ол балаға сенер едім.

- Сұхбатыңызға рақмет, аға, шығармашылық табыс тілейміз!

 Әңгімелескен: Ардақ ҚҰЛТАЙ

Сурет: Нұрғиса Елеубеков

6492 8
Рейтинг: +5

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 05 қазан 2012, 16:46
Пікірлер
+0
05 қазан 2012, 16:09

Еее... деңіз. Меніңше, Уәлибек пен Жүсіптердің дәурені өткен сияқты. Мысалы маған Тука пен Тұрсынбектің әзілдері қызықты.

+0
05 қазан 2012, 16:17

"Сосын анау пойызда жүрген Алпысбай Боранбайұлы деген сатирик ақынды білесіз, ол кісімен де көп ақылдасамын." Алпысбай Боранбайұлы ұмытылып кеткен сияқты қазіргі қоғамда...

+0
05 қазан 2012, 16:34

керемет. қазақ сатирасына өзіндік үлесін қосып келе жатқан ағамыз осы Уәкең. "Тамаша", "Бауыржан-шоу" әзіл-ысқақ театрларынан күні бүгінге дейін жұрт назарынан тыс қалмаған, сатираны биік деңгейге иығымен көтеріп алып шыққан осы - Шаншар еді. Осыған дейін қоғам, саясаттағы сан-салалы оқиғаларда Шаншардың шаншқысына шаншылмай қалғаны бар ма?! Тапқыр, ұтқыр әзілдерімен адам мінезінің ең нәзік тұсынан қоғамдағы ірі құбылыстарға дейін айпарадай ашып беретіні қандай ғажап! Сахнадан саясатқа дейін көтеріліп кетіп жатқан кейбіреулерге қарағанда Уәкең мен Жүкеңнің кішіпейілділігі, тек өнерден басқаны ойламайтын қанағатшылдығы жас өнерпаздарға үлгі болар қасиет.

+0
05 қазан 2012, 16:56

Сыйлаймын осы кісіні.

+0
05 қазан 2012, 17:03

Жүсіп ағамыздың персонажы жұмсартып айтсақ "біртүрлі". Үлкен кіісі болғандықтан салмақтырақ рөлдер ойнаса деген тілек бар

+0
05 қазан 2012, 17:23

Шаншар жазылған талай дискі жатыр үйде, отбасымен көретінбіз

+0
08 қазан 2012, 10:24

Ұнайды маған қойылымдары, әсіресе Жүсіп аға екеуінің мастың ролін сомдаулары :lol:

+0
30 желтоқсан 2012, 19:17

Улибек ағаны өзбасым қатты құрметтеимін. Көзі ашық көкірегі ояу адамдар Туканын халтурасынан гөрі Укеңнің астарлы әзілін бағалаиды деп оилаимын

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Түс туралы не білеміз?
Түс туралы не білеміз?

Келесі кезекте, түс жайлы қызықты фактілерді келтіремін

Моана
Моана

Жаңадан шыққан Диснейлік мультфильм балалар жүрегін жаулап алды.

Автор: Medina Musa
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)

Әншейінде күзгі аспанға ұқсап тұнжырап жүретін қарттың ерекше ықтиярлы болып...

Ақ қайың
Ақ қайың

Менің үшінші әңгімем...

Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....
Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....

Қызықты кітап оқығыңыз келіп жүрсе, оқып шығыңыз....

Автор: Ayazhan Muhatay

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...