Барокко стиліндегі премьера

Барокко стиліндегі премьера
Фото: «Астана Опера»театрының баспасөз қызметі

Неміс классикасының аса айрықша шығармаларының бірі – И.С. Бахтың Жоғарғы си минор мессасы «Астана Опера» Камералық хоры және оркестрінің орындауында алғаш рет ұсынылады. 24 мамырда театрдың Мәрмәр залында «Қонақжай музыкалық барокко» циклынан ауқымды концерт өтеді. Дирижер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов. Бас хормейстер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов.

Иоганн Себастьян Бахтың солистер мен оркестрге арналған Жоғары си минор мессасы барокко дәуірінің әйгілі композиторының шығармашылығын асқақтатады. Мәні өте терең бұл туындыда күрделі, құдіретті және ғажайып Бах өнерінің шынайы табиғаты ашылады. Осы ерекше циклдың жасырын түпкі ойын - өлім мен өмірдің жеңімпаз күшінің қарама-қайшылығын білдіреді. Осындай ойлардың әртүрлі аспектілері барлық шығармалардың негізгі мазмұнын құрайды. Өзінің ғажайып туындысын ол саксокондық курфюрст III Фридрих Августқа арнаған, оны композитор көптеген жылдар бойында жазған. Мессада жатқан ой мен сезімдер тереңдігі, философиялық даналық, адамгершілік, көңіл-күй қуаты, бай музыкалық-поэзиялық бейнелердің арқасында бүгінгі күнге дейін ұлы музыкалық туындының озық үлгісі болып қала береді.

Си минор мессасында И.С. Бах өзінің әлемге деген көзқарасын анық білдіреді, адамның өзін-өзі құрбан ету ерлігіне дайын болуын дәріптей отырып, өзінің өмірлік арман-мұратын жеткізеді. Осы арқылы өмір мен өлімнің, қуаныш пен қайғының, таусылмайтын қасірет пен шаттықтың мәңгілік тақырыптары үлкен шабытпен ашылып көрсетіледі.

Осы кеште альт партиясында өте сирек кездесетін дауыс иегері – контртенор Батыржан Сымақов өнер көрсетеді, сопрано партиясын көрнекті жетекші солистер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Ниязова және Башқұртстанның еңбек сіңірген әртісі Әлфия Кәрімова, тенор – Нарұл Тойкенов, бас – Ермек Қасым дайындауда.

- Осындай ауқымды шығарманың сан қырлы және талғампаз музыкасы өз формасы бойынша «готикалық» болып келеді және махаббат пен үмітке толы. Мессада сұлу саздардың үйлесімді арналарында, күрделі құбылуларында күні бүгінгі дейін көпшілікке беймәлім інжілдік бейнелер және құпия үндеулердің символдары жасырынған. Еуропада (негізінен Алманияда) музыкатанушы мамандар И.С. Бахтың музыкасының мәнін ашу жолында жұмыс жасауда. Біз бүгінде мынаны анық білеміз: композитор музыка тілінде қандай да бір рухани үндеу жолдай отырып, өзінің туындыларында іс жүзінде барлық інжілдік астарлы өсиетнамалардың «мәнін ашқан», – деп атап өтті Батыржан Сымақов.

Г. Берік