Оқи отырыңыз

Көркем сөз – көңіл тілі,
Жалаң сөз – зейін тілі.

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Массагет жастарды жұмысқа шақырады
Массагет жастарды жұмысқа шақырады

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Театр / Күшіміз – бірлікте

Күшіміз – бірлікте

Күшіміз – бірлікте

Қазақстан халқы Бірлігінің күніне арналған «Туған еліме тілегім» атты мерекелік концерт «Астана Опера» театрының Үлкен залында 1 мамырда өтеді. Кеш операның жетекші солистерінің, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов басқаратын «Астана Опера» Симфониялық оркестрінің қатысуымен ұйымдастырылады. Режиссері – Наталья Кагадий.

Көрнекті опера солистері – Жанат Шыбықпаев, Бейімбет Таңарықов, Бибігүл Жанұзақ, Айзада Қапонова, Татьяна Вицинскаясияқты тағы басқа қазақ, армян, орыс, башқұрт, италия, испан, француз және өзге тілдердегі шығармаларды орындайды. Мерекелік концертті хор және балет әртістерінің қатысуымен А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» операсынан сахналық көрініс ашады. Концерт соңында қазақ опера және балет өнерінің үздік туындылары ұсынылады.

– Орындаушылар өздерінің кәсіби шеберлігімен қатар қазақ мәдениетіне деген сүйіспеншілігі мен құрметін, сондай-ақ өзінің ұлттық мәдениетінің ерекшелігін көрсете алатын мұндай мерекенің болғаны қандай жақсы. Мысалға алатын болсақ, Арменияның халық әртісі Барсег Туманян қазақ тілінде А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» операсынан Сырттанның ариясын және  армяндық операдан алынған арияны ана тілінде орындайды. Башқұртстанның еңбек сіңірген әртісі Әлфия Кәрімова башқұрт халық әні «Сандуғашты» шырқайды. Балет әртістері Б.Асафьевтің «Бақшасарай бұрқағы» балетінен татар биін және В. Соловьёв-Седойдың «Тарас Бульба» балетінен «Гопак» украиндық биін билейді. Концерттің түпкі мақсаты – Қазақстанға деген шынайы сүйіспеншілік сезімін білдіру, – деп атап өтті Наталья Кагадий.   

Мереке 1996 жылдан бастап атап өтілетінін ескерте кетсек. 1995 жылы 18 қазанда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1мамыр күнін Қазақстан халқының Бірлігі күні деп жариялау туралы жарлыққа қол қойды. Ұлтаралық және дінаралық келісімді сақтау біздің еліміздің негізгі басымдықтарының бірі. Халықтар достығы, бейбіт күн – міне, бұл табысты шығармашылық пен өнердің гүлдену негізі.

152 0
Рейтинг: +1

Фото: Karla Nur
Қосылған күні: 21 сәуір, 18:22
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...