К.Байсейітова атындағы театр «Біржан-Сара» операсымен ашылмақ

К.Байсейітова атындағы театр «Біржан-Сара» операсымен ашылмақ

Аталған театрдың ХІІІ маусымы Астанада 4 қазан күні 19-00-де Мұқан Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсының қойылымымен ашылады, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Баспасөз қызметі.

Операның қойылымы Халық қаһарманы, КСРО және Қазақстанның  халық әртісі, КСРО және Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор, аса көрнекті режиссер Әзірбайжан Мәмбетовтің 80 жылдығына арналады.

Басты рөлдерді К. Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының солистері: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Айгүл Ниязова, Жанат Шыбықбаев, Сүндет Байғожин, сонымен қатар, Бейімбет Таңарықов, Өміржан Қадыров орындайды. Бұдан басқа, қойылымға театрдың балеттік труппасы, хоры және симфониялық оркестрі қатысады. Дирижеры – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов

Дайындаған: Ардақ ҚҰЛТАЙ

Сурет: elgazeti.kz

А. Құлтай