Фильмдер композициялары – оркестр үнімен

Фильмдер композициялары – оркестр үнімен
Фото: Karla Nur

«Астана Опера» билеттері өте тез сатылатын «Экран әуендері» атты ерекше концертті үш жыл бойы өткізіп келеді. Бағдарлама жетістігінің құпиясы неде екенін жоба авторы Әлихан Ыдырысов біледі.

8 сәуірде Камералық зал сахнасында «Экран әуендері: қайта жүктеу» концерті өтеді. Бұл сериядағы осыған дейінгі өткен екі концерттен айырмашылығы – бағдарлама толық жаңартылған. Осылайша, көрермен назарына «Менің атым Қожа», «Қыз Жібек», «Тақиялы періште», «Адамдар арасындағы бөлтірік», «Иван Васильевич мамандығын ауыстырады», «Қыздар», «Адам-амфибия», «Үлкен үзіліс», «Тағдыр тәлкегі немесе жеңіл буыңызбен», «Ине», «Бригада» және т.б. кинофильмдерден композициялар бейне үзіндісімен ұсынылады.

– Мен тұрақты тыңдармандарымыз бар екеніне өте қуаныштымын, тыңдарман бізді асыға күтеді. Адамдар күнделікті қарбалысты ұмытып, біздің концертімізге келіп емін-еркін демалғанын, ал өткен жылдар фильмінің әуендері олардың есіндегі ең жарқын сәттерді оятқанын, жақсы көңіл-күй сыйлағанын қалаймын. Бағдарламаға енген барлық шығарма классикалық нұсқада орындалады, оларды өзім өңдедім. Домбыра, қобыз, сыбызғы сияқты ұлттық аспаптарды пайдаланамыз, кейбір заманауи композицияларды орындау үшін электрлік гитараны қолданамыз, – деді жоба авторы Әлихан Ыдырысов.

Танымал және көпшіліктің сүйікті кинофильмдерінің композициялары Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Сүндет Байғожин және Жан Тәпин, сонымен қатар Татьяна Вицинская, Рамзат Балакишиев, Салтанат Бекмағанбетова, Елтай Мұстанов, Қазыбек Досмұхамбетов, Александр Красиков, Ержан Сайыпов және т.б. тамаша солистердің орындауында шырқалады.

Концертке қатысатын театр ұжымы – «Астана Опера» театрының Камералық оркестрі, Камералық хоры, ерлер хоры мен балалар хоры, бас хормейстер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов. Режиссері – Наталья Кагадий. 

Г. Берік