Оқи отырыңыз

Көркем сөз – көңіл тілі,
Жалаң сөз – зейін тілі.

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Массагет жастарды жұмысқа шақырады
Массагет жастарды жұмысқа шақырады

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Театр / «Астана Операда» Майра Мұхамедқызы өнер көрсетеді

«Астана Операда» Майра Мұхамедқызы өнер көрсетеді

«Астана Операда» Майра Мұхамедқызы өнер көрсетеді

«Астана Опера» театрының бас дирижері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Алан Бөрібаев шығармалары жиі орындалатын еуропалық композитор Густав Малердің көркем де асқақ №2 симфониясының («Жандану симфониясы») тұсаукесерін ұсынбақшы. 16 наурыз күні театрдың Үлкен залы сахнасында «Астана Опера» Симфониялық оркестрі мен хоры, сондай-ақ, әйгілі опера прималары Майра Мұхамедқызы мен Дина Хамзина өнер көрсетеді.

Белгілі австриялық композитор әрі дирижер Густав Малердің музыкасы ең озық әлемдік симфониялық шығармалардың санатына жатады.  

Қазақстаннан шыққан атақты маэстро, бүгінгі күнгі ең таңдаулы дирижерлардың бірі Алан Бөрібаев Г.Малердің симфонияларын ең үздік халықаралық алаңдарда бірнеше мәрте орындады. Белгілі музыкант бүгінгі таңдағы композитор шығармашылығының өзектілігі оның адамгершілікке, ізгілікке үндейтін асқақ ойлылығында дейді.

- Г.Малер шығармаларын сезініп, түсініп, жақсы көру үшін арнайы университет бітіру міндетті емес. Өзіңнің ойларың мен жан-дүниеңді тұтастай осы музыкаға бағыттап айқара ашқаның жеткілікті. Густав Малер әр адамға назар аударады. №2 симфонияда әрқайсымыздың көкейіміздегі «Бізге өмір не үшін берілді? Біз жер бетінде не істегіміз келеді?» деген сауалдарға жауап беруге тырысады, - дейді Алан Бөрібаев.  

Аса көрнекті композитордың жойқын шығармасы әр адамның жанына жақын да түсінікті тақырыпты, тамаша идеяларды, көркем де мәнерлі тілді, зор ауқымдылықты сипаттайды. Елордалық көрерменге алғаш рет ұсынылғалы тұрған Густав Малердің №2 симфониясын орындауға музыканттардың рекордтық саны – «Астана Опера» Симфониялық оркестрінің екі құрамы жұмылдырылады.

- Барлық жағынан жақсы болғымыз келгендіктен, бізді адам етіп, биік мақсаттарға не жетелейтінін ұғыну үшін біз осы өшпес туындыны ойнаймыз. Кеш соңында музыканттармен қатар, тыңдарманда да жаңа ой, толғаныс пен сезім пайда болып, өзімізді бұрынғыдан да жақсы біле түсеміз деп үміттенемін және сенемін. Біз үшін бұл симфониялық оркестрімізді бірден жаңа кәсіби белеске көтеретін маңызды концерт. Өз басым отанымыздың мәдени кеңістігінде Густав Малердің музыкасы орындалатынына өте қуаныштымын, - дейді маэстро.

Операның жетекші солистері Майра Мұхамедқызы мен Дина Хамзина және театр хоры орындайтын шығарманың вокалдық бөлігі XVII ғасырдағы немістің әйгілі ақыны Ф.Клопштоктың сөзіне жазылған, поэзиялық жолдар композитордың өзіне тиесілі.

174 0
Рейтинг: +0

Фото: Karla Nur
Қосылған күні: 28 ақпан, 09:39
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...