Оқи отырыңыз

...театр деген нәрсе ермек емес, көңіл көтеру де емес, ол – үлгі, ол – тәрбие, өнер орны.

Автор: Ж.Аймауытов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Театр / Жәния Әубәкірова өнер көрсетеді

Жәния Әубәкірова өнер көрсетеді

Жәния Әубәкірова өнер көрсетеді

Қысқы аяз әлі күшінде тұрса, көңіл, шіркін, көктем шықса деп елеңдейді. «Шабыт шақырған аспаптар» концерті қаңтардың суық кешінде тыңдарманды жарқыраған сезім мен эмоцияға, сонымен қатар талантты орындаушылардың жылуына бөлейді. 24 қаңтарда «Астана Опера» театрының Камералық залында француздық ішекті Volta квартеті мен Қазақстанның Халық әртісі Жәния Әубәкірова өнер көрсетеді.

Шара қазақстандық-француздық дипломатиялық қарым-қатынастың 25 жылдығына арналған. Концерт бағдарламасы түрлі музыкалық-стильдік бағытты қамтиды. Кешті ұлы веналық классик В.А. Моцарттың шуағын төккен музыкасы – «Миландық» №3 k.156 ішекті квартеті ашады. Классицизм заманының бұл жауһарын орындаған соң, Франциядан келген музыканттар қазақстандық тыңдарман назарына аса көрнекті француздық композиторлар музыка өнерінде импрессионизмнің негізін қалаушы Клод Дебюссидің (Op. 10 ішекті квартеті) және оның аға замандасы, тәлімгерлерінің бірі, XIX ғасырдың ерекше композиторы Сезар Франктың (Фортепианолық квинтеті) туындыларын ұсынады. Бағдарламадағы әр шығарма үлкен циклдық формадан  және бірнеше бөліктен тұрады.

Классикалық музыканың жоғарыда аталған жауһарлары тамаша музыканттардың өзіндік нұсқасында паш етіледі. Моцарт пен Дебюссидің туындысын Voltaішекті квартеті орындайды. Оның құрамы: Юг Борсарелло (скрипка), Лоран Мано-Паллас (скрипка), Арно Торетт (альт), Готье Эррманн (виолончель).

С. Франктың фортепианолық квинтетінде ішекті ансамбль белгілі қазақстандық пианиношы, Қазақстанның Халық әртісі Жәния Әубәкірованың өнерімен ұсынылатын фортепианолық партиямен толығады.

Volta квартетінің барлық музыканттары – беделді халықаралық байқаулардың (Париж, Бордо, Генуя, Лондон, Сиена, Флоренция, Ильзак, Херлен және т.б.) лауреаттары, оларға әлемнің танымал концерт залдарының көрермені қошемет көрсеткен. 2014/2015 жылғы маусымын Шуберттің соңғы квартеттеріне арнаған музыканттар, 2016 жылы Моцарттың ішекті аспаптар квартеттерінен күйтабақ жазды.

Жәния Әубәкірова – ҚР Халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты. П. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясын және аспирантурасын (профессор Л.Н. Власенконың класы) бітірген. М. Лонг және Ж. Тибо халықаралық байқауында Гран-при және «Заманауи француз композиторларының шығармаларын үздік орындағаны үшін» арнайы жүлдесінің (Франция, 1983), Халықаралық камералық ансамбльдер байқауының (Франция, 1985) Гран-при иегері, Францияның өнер және әдебиет орденінің кавалері (1998).

178 0
Рейтинг: +0

Фото: vk.com
Қосылған күні: 23 қаңтар, 05:25
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Мен не деймін, көзім не дейді?
Мен не деймін, көзім не дейді?

Әрине мен туралы емес)

Автор: Nazym Samet
Қазіргі заман мұғалімі қандай болу керек?
Қазіргі заман мұғалімі қандай болу керек?

Қазірдің өзіңде мамандықтардың түрлері өте көп.

30 күн артық ақпараттан ораза ұста.
30 күн артық ақпараттан ораза ұста.

Өмір маған əрдайым екінші мүмкіндікті ұсынады. "Ертең" деген.

Автор: Arayka Sakhova
Шынайы сезімнің құны қанша?
Шынайы сезімнің құны қанша?

Өзің идеал емессің, бірақ басқадан идеал адам ізейсің. Бұл дұрыс емес.


Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...