«Базар жоқ» концертіне асығыңыз!

«Базар жоқ» концертіне асығыңыз!

Сіз бен біз білетін «Базар жоқ» көңілді тапқырлар театры Астанадан келіп отыр. Бұл жолы да театрдың әзілқой әртістері су жаңа әзілдерімен Алматыны «қопарып» кетуге дайын сыңайлы.

Концерт 27 қыркүйекте Алматы қаласы, Республика сарайында сағат 19.30-да басталмақ. Кеште қазақ эстрадасының жарқын жұлдыздары өнер көрсетеді. Атап айтқанда, Досымжан Таңатаров, Құрмаш Маханов, «Бәйтерек» тобы, «Дос» тобы және Айгерім Қалаубаевалар кеш көркін қыздырып, зиялы қауым қонақтары ат басын тірейді. «Базар жоқ» көңілді тапқырлар театрының продюсері Нағи Бақытбековтың сөзіне сенсек, театр мүшелерінің тізімі толықпапты. Көрермен көзайымына айналған Тұрсынбек Қабатов, Олжас Сыдықбек, Аманғали Спабек, Ярослав Мелёхин, Қанат Әлжаппаров, Арман Қарабаевтардың жаңа әзілдерін тыңдаймын десеңіз, Республика сарайының кассасына асығыңыз. Билет құны 2000-5000 теңге. Жалпы билеттер саны – 2500 дана.

Нағи Бақытбеков, «Базар жоқ» көңілді тапқырлар театрының продюсері:

Гострольдік сапарымыздың соңғы нүктесі Алматы қаласы болып отыр. Бұған дейін біз еліміздің барлық аймағын өзіміздің жаңа бағдарламамызбен аралап қайттық. Ендігі гострольдік сапарымызды демалыссыз бастаймыз деп жоспарладық. Яғни қазан айынан бастап, тың әзілдермен қаруланып, жаңа сапарды бастауға әзірленіп отырмыз

Дайындаған: Ардақ ҚҰЛТАЙ

Сурет baq.kz сайтынан алынды

А. Құлтай