Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Театр / Ал, халайық, театрға барайық!

Ал, халайық, театрға барайық!

Ал, халайық, театрға барайық!

Құрметті алматылықтар және қала қонақтары, табалдырығымызды күз аттап кіргелі көп те болған жоқ. Бәріміз бір атаның баласындай болып жүріп, қала күнін де атап өттік. Мәдениет мен руханияттың қаймағы сақталған бұл Алматыға бір нәрсе жетіспей жүрді. Саф өнерден сусындағысы келген халық кеш түсісімен-ақ сыртқа асығады. Сыртта не бар екен? Түнгі клуб па? Жоқ, халықтың іздегені ол емес еді... Халықтың іздегені – театр еді. Сүйікті өнер ордалары шымылдығын ашпайынша, театр жаққа елеңдеп жүрген өнерге бір табан жақын жандар жанын қоярға жер табар емес. Ендеше, сүйінші! Жақында сіздер киелі сахнадағы сүйікті кейіпкерлеріңізбен қауышатын боласыздар!

Биылғы маусымның алғашқы қойылымдарын сіздер Қазақ Мемлекеттік М. Әуезов атындағы академиялық драма театрынан және Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрынан көре аласыздар! Қай күні дейсіз бе? Қазанның үші күні қос қара шаңырақта қатар театр маусымының лентасы кесілмек.

Қазақ Мемлекеттік М. Әуезов атындағы академиялық драма театры өткен театр маусымының шымылдығын жапқан «Абай» трагедиясымен шымылдықты қайта ашпақ. Қоюшы-режиссер: Е.Обаев, қоюшы-суретші: Е.Тұяқов. Билет құны 300-600 теңге. Қазан айында бұл өнер ордасында ешқандай да жаңа қойылымның тұсауы кесілмейді. 87-маусымының пердесін түріп жатқан өнер ордасына шығармашылық тілейміз!

Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры да 67-маусымның ашылуына қызу дайындалып кетті. Өйткені дәл бір аптадан соң, театр табалдырығын өздері жаққа бүйрегі бұрып жүрген халық аттайды. Өнер ордасы қазанның үші күні «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» трагедиясымен жаңа маусымның шымылдығын ашпақ. Қоюшы режиссері – Жанат Хаджиев. Қоюшы суретшісі – Ерлан Тұяқов. Билет құны 250-500 теңге.

Театр ұжымы қазан айында жаңа қойылымның тұсауын кеспек. «Ай-Қарагөз...» деп аталатын трагедиялық қойылымның авторы М. Әуезов, ал режиссері Т. Теменов. 4 қазан, жұма күні осы су жаңа спектакльдің көрермені болу бақыты бұйырсын сіздерге!

М. Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының 80-маусымының ашылуы қазанның бесіне жоспарланып отыр.

Театр жаңа маусымын жаңа қойылыммен ашпақ. Театр маусымын ашуға дайын тұрған «Үй» («Дом») қойылымын қазіргі заманның сахналануында тамашалайтын боласыздар. Билет құны 1000-1200 теңге.

Өнер десе, ішкен асын жерге қояр халқының құмарын қандырмақ боп қайта есігін ашқан өнер ордаларына шығармашылық шабыт тілейміз!

Ал, халайық, театрға барайық!

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: kit.gov.kz, yvi.kz, almaty-hotels.net, markonmedia.com

2689 11
Рейтинг: +4

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 26 қыркүйек 2012, 13:17
Пікірлер
+0
26 қыркүйек 2012, 12:17

Сүйіншіге не берейін? :)

+0
26 қыркүйек 2012, 12:23

«Ай-Қарагөз...» деп аталатын ЖАҢА трагедиялық қойылымның билетін. :) :D :D

+0
26 қыркүйек 2012, 12:25

:D театрға адамдарды осылай апарады екен ғой ;) жарайды, менен бір билет!

+0
26 қыркүйек 2012, 12:26

Алааааақай!!!!! :)

+0
26 қыркүйек 2012, 12:23

Кеше Мүсіреповтың сайтын кіріп көріп, қуаныштан жарылып кете салдадым! Тіпті, достарымнан сүйінші де алып үлгердім-ау...Осы күнді ұзаааақ күттім ғой! Ертен барып билет аламын! Ай-Қаргөзді бірге көрейік!

+0
26 қыркүйек 2012, 12:27

Урра! Театрды сағынып қалдым

+0
26 қыркүйек 2012, 12:56

театрға барайы, халайық!

+0
26 қыркүйек 2012, 13:09

Алақай, "Айқарагөзге" бармасам :)

+0
26 қыркүйек 2012, 13:38

жаман сағынып кеттік қой

+0
26 қыркүйек 2012, 13:44

қосылып, бір бару керек екен ә

+0
26 қыркүйек 2012, 13:50

"Ай - Қарагөз".. аты әдемі! Осыған барайықта бәріміз :)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...