Венаға музыкалық саяхат

Венаға музыкалық саяхат
Фото: Karla Nur

Веналық белгілі пианиношы Штефан Маттиас Ладеманн «Астана Опера» театрының талантты солисттерімен бірге тыңдарманды «Венаға музыкалық саяхатқа» шақырады. 8 қазанда театрдың Камералық залында атақты австриялық композиторлардың жауһарлары ІІІ Халықаралық «Жібек жолы» фестивалінің аясында орындалады.

Бұл әдемі көне қала әлемнің музыкалық астанасы құрметті атағына кездейсоқ ие болған жоқ. Венаның бай мәдени мұрасы, тарихы соңғы жүзжылдықтағы батыс-еуропа музыкасының негізгі бағыттарының қалыптасуу мен дамуын қамтиды. Йозеф Гайдн, Вольфганг Амадей Моцарт, Франц Шуберт, Людвиг ван Бетховен сынды ұлы композиторлардың, әйгілі Вена операсына әртүрлі уақытта басшылық еткен Густав Малер және Рихард Штраус, сондай-ақ тағы да басқа көптеген даңқты есімдердіңөмірі мен шығармашылығы Австрия астанасымен тығыз байланысты.

Бұл кеште әртістер Австрияны, атап айтқанда,Венаны танымал еткен музыкалық шығармаларды орындайды. Астана тұрғындары мен қонақтарының назарына Ф.Й. Гайднның «Әлем туындысы» ораториясынан Гавриилдің «Көгал иісі баурайды» ариясы, D 957 №5 «Пана», Ф. Шуберттің D 957 №13 «Егіз», Г.Малердің 12 №2 op-не «Бұл әнді кім ойлап тапқан», "О, жоқ, сен мені сұлулық үшін сүйме" және т.б. ұсынылады. Айта кету керек, кейбір шығармалар қазақстандық сахнада алғаш рет орындалады.

Штефан Маттиас Ладеманның Эдита Груберова және Диана Дамрау сынды әлемдік деңгейдегі опера жұлдыздарымен бірлескен өнерін Лондон, Нью-Йорк және Миланның мәртебелі залдары тамашалаған.Әйгілі концертмейстер классикалық вокалисттермен табысты жұмысының құпиясымен бөлісті: «Орындалатын шығармалардың музыкалық ноталар поэзиясы анық естіліп, ал композитордың ішкі дүниесін пианиношымен әнші бірдей түсінген кезде, көрермен де оны сезінеді. Дұрысында, сүйемелдеуші вокалшы  дауысының әрбір демі мен дыбыс модуляциясын алдын-ала сезінуі тиіс».

Концертте «Астана Опера» солисттері: Вена консерваториясының түлегі Мәдина Исламова (сопрано), Арменияның халық әртісі Барсег Туманян (бас), Любовь Ткаченко (арфа), Александр Тараскин (флейта), сондай-ақ қазақстандық пианиношы, А. Брукнер атындағы университеттің магистратура түлегі (Линц қаласы, Аустрия) Ернар Нұртазин өнер көрсетеді.

Айта кету керек, Астанада Веналық музыка және орындаушылық өнер университетінің, сондай-ақ Нюрнберг музыкалық университетінің профессоры жеке орындаушылар мен театр концертмейстерлеріне арнап шеберлік сабағын өткізеді.

– Мен сіздердің тамаша қалаларыңызға шақырту алғаныма және қазақстандық әртістермен кездесу мүмкіндігіне ие болғаныма өте қуаныштымын. Айта кетейін, біз Мәдина Исламовамен бірге Венада бірлескен концерт қойғанбыз. Вена классиктерінің шығармаларын орындаған сайын сезінетін қуанышыммен бөліскім келеді, сондай-ақ бұл музыка Қазақстанда қалай қабылданатынын білгім келеді. Шеберлік сыныбында біз, осы әндерді бар сұлулығымен орындау барысында қажетті неміс репертуары мен дауыстың дәлме-дәл модуляциясына толығырақ тоқталамыз, – деді Штефан Маттиас Ладеманн.

Г. Берік