Оқи отырыңыз

Өзіңді өз бойыңнан биікпін деп ойламау да – биіктік.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Театр / М. Әуезов театры Қарағандыға жол тартты

М. Әуезов театры Қарағандыға жол тартты

М. Әуезов театры Қарағандыға жол тартты

Қарағанды жұртшылығының құлағына алтын сырға! Қазақтың қара шаңырағы саналған киелі өнердің жүгін арқалаған ардақты әртістер сіздер жаққа ат басын бұрды! Алматы қаласында орналасқан М. Әуезов атындағы Мемлекеттік академиялық драма театрының ұжымы кезекті гастрольдік сапарларымен қара алтынға бай Қарағандыдай қазақ даласында өнер көрсетпек. «Отаным - бақыт мекенім» жобасы аясында өнерлерін паш ететін қазақтың қаймақтай жұлдыздары Қарағанды қаласының театрсүйер қауымының төбесін көкке жеткізбек. Бұл ақпаратты ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі таратып отыр.

Қарағанды қаласында өтетін гастрольдік сапар бағдарламасында мына қойылымдар сахнаға жол тартады:

  • 11, 20 қыркүйек «Махаббат дастаны» Ғ.Мүсірепов (трагедия) реж. Қ.Сүгірбеков
  • 12, 16 қыркүйек «Тендерге түскен келіншек» М.Сәрсеке (драма) реж. О.Кенебаев
  • 13, 19 қыркүйек «Қыз мұңы» И.Сапарбай (драма) реж. Е.Обаев, Т.Аралбай
  • 14, 18 қыркүйек «Жүрейік жүрек ауыртпай» Б.Жәкиев (драма)  реж. Е.Обаев
  • 15, 17 қыркүйек «Сұлу мен суретші» Т.Ахметжан (драма-ноктюрн) реж. Н.Жақыпбай.

Қойылымдардың барлығы жергілікті өнер ордасы – С.Сейфуллин атындағы облыстық драма театры сахнасында көрсетіледі. Басталуы – сағат 18.30.

Тек қалада ғана өнер көрсетумен шектелместен, театр ұжымы бұл сапарында облыстың Абай, Теміртау, Саран, Қарқаралы атты шағын қалаларында да өнер көрсететін болады. Театр шағын қалаларда «Қыз мұңы» (И.Сапарбай) және «Жүрейік жүрек ауыртпай» (Б.Жәкиев) қойылымдарын ұсынбақ.

Театр ұжымы Теміртауға 13 қыркүйек күні ат басын бұрса, 17 қыркүйекте Абайда өнер көрсетпек. Ал 19 қыркүйекте Саран қаласында, 21 қыркүйекте Қарқаралы қалаларында болмақ деп күтілуде.

Театрдың гастрольдік қойылымдарында көрермен қауым Сәбит Оразбаев, Құман Тастанбеков, Рәшида Хаджиева, Қымбат Тілеуова, Бекжан Тұрыс, Бақтияр Қожа, Дәрия Жүсіп, Дулыға Ақмолда, Асылбек Боранбай, Шынар Асқарова, Назгүл Қарабалина, Азамат Сатыбалды, Жандарбек Садырбаев, Ләззат Қалдыбекова, Еркебұлан Дайыров сынды актерлердің ойынын тамашалай алады.   

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: wildcats.tomsk.ru

4485 2
Рейтинг: +2

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 11 қыркүйек 2012, 10:05
Пікірлер
+0
11 қыркүйек 2012, 11:25

Жер астындағы адамдардың бәрін сыртқа шығарсын :lol: :lol: :lol:

+0
11 қыркүйек 2012, 13:32

алматыга тез келиндерши!!! :)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Цифрлы журналистика
Цифрлы журналистика

Технологиялардың дамуы журналистикаға да жаңа серпін әкелді...

ҰБТның алаңдатар сұрақтары
ҰБТның алаңдатар сұрақтары

Гранттан айырылып қалмау үшін нені ескеру керек? Шығармашылық емтихан туралы

Автор: Диана Рахым

Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...