Ғ.Мүсірепов театры Түркиядағы халықаралық фестивальге қатысады

Ғ.Мүсірепов театры Түркиядағы халықаралық фестивальге қатысады
Фото: Ғ.Мүсірепов театрының баспасөз қызметі

Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры 26 сәуірде Түркияның Конья қаласында болатын "Мың бір тыныс және бір дауыс" атты Халықаралық театрлар фестиваліне аттанды. Түркияның төрт театрынан бөлек, Әзірбайжан, Молдава, Болгария, Македония, Кипр, Грузия, Қытай мемлекеттерінің өнер ошақтары қатысатын фестивальге Қазақстанның атынан жоғарыда аталған театр ұжымы жолдама алған болатын. Бұл туралы театрдың баспасөз қызметі хабарлап отыр. 

Биыл 9-шы рет ұйымдастырылып отырған Халықаралық фестивальге театр ұжымы Г.Хугаевтың "Қара шекпен" қойылымын дайындаған. Қоюшы режиссері - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асхат Маемиров.

"Жер бетін мекендейтін он сегіз мың ғаламның ішіндегі ең құдіреттісі де, ең әдемісі де - Адам"... Ал, Біз, дәл осындай "дәрежеге" расымен, лайықпыз ба?! Кез-келгеніміздің бойымызда бар өзімшіл қасиеттер басым түсіп, жан азығынан мақұрым қалған адамдай адамдық қасиетіміз жойылып, кейде хайуанға айналып бара жатқанымызды өзіміз де байқамай жатамыз...» 

Дәл осы сауалдарға жауап іздейтін "Қара шекпен" қойылымы - түркітілдес халықтардың зор ықыласына бөленеді деген сеніммен, театр ұжымына сәттілік тілейміз!!!

Ө. Сансызбай