Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Театр / "Травиата" - аты өшпейтін мәңгілік шығарма

"Травиата" - аты өшпейтін мәңгілік шығарма

Джузеппе Верди есімі опера өнерінің тарихына музыкант-реалист ретінде енді. Оның үздік опералары ақиқатты баяндайды, адам болмысын толық бейнелейді. Верди өз операларында либретто құруға, шынайы образды көрсетуге тырысқан.

Вердидің «Травиата» операсының сюжеті Кіші А.Дюманың «Дама с камелиями» драмасынан алынған. Басты кейіпкер тұлғасы өмірден алынған. Ол - атақты жеңіл мінезді париждық ару Мари Дюплесси. Көзтартар сұлулығы мен бірегей ақылымен өзгелерді баурап алып, өзіне қарататын жан болған. Оған кезінде жас қаламгер Дюма да сырттай ғашық болыпты.


«Дама с камелиями» романындағы басты кейіпкер Маргарита Готьеден оқырмандар сол кезде қайтыс болып кеткен Мари Дюплессиді көрді. Ал оның ғашығы болған Армане Дювалені оқырмандар автордың өзі деп тұспалдайды.

1848 жылы Дюма романды пьеса қылып жазды, алайда оның премьерасы төрт жылдан кейін шықты. Сол кезде пьеса цензураға қатты ұшырағанына қарамастан, сахнаға шыққан бойда «Дама с камелиями» үлкен табысқа кенелді.

Париж қаласында өткен пьеса премьерасын көрген Верди тез арада опера жазуға кіріседі. «Дама с камелиями» романының желісімен ол «Травиата» операсын Франческо Мария Пьявемен бірлесе отырып, жазып шығады. Сол заманда Пьяве ең танымал итальяндық либреттист болған.


«Травиата» - әлемдің операдағы ең алғашқы лирикалық-психологиялық опера. Сазгер реалисттік көзқарасымен драмадағы терең уайымды бейнелеуге тырысты.

«Травиата» операсын естіген Дюма: «Менің романымның жоғалып кетуі мүмкін еді, ал Верди болса, оны мәңгілік шығарма етті!» деген екен.

«Травиата» операсы әлемнің көптеген өнер ордаларының сахналарында көрсетіліп келеді. Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік Опера және Балет Театрының репертуарына да біраз жылдар бұрын енген. Басты кейіпкер Виолетта Валери партиясын Бибігүл Төлегенова, ал Жермон партиясын Ермек Серкебаев орындаған.

Суреттер gatob.kz сайтынан алынған.

365 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 17 қаңтар 2012, 11:50
Пікірлер
+0
17 қаңтар 2012, 16:57

Өте әдемі және мұңлы опера.....

+0
17 қаңтар 2012, 18:19

Осы операға бару керек еді...

+0
17 қаңтар 2012, 19:00

Иә, Абай операсынан басқасына бармаппыз. Бару керек. Опера әншілері ұнайды. Әсіресе Нұржамал Үсенбаева мен Сара Брайтмандардын опералық әндері.

+0
19 қаңтар 2012, 09:53

Барып көріңіздер. Виолеттанның ролін Жәмиля да, Ольга Лукашева да жақсы сомдайды. Мен осы операны Майраның орындауында тыңдағым келеді.... ең керемет дауыс - Майра Мұхаммедқызы!

+0
19 қаңтар 2012, 09:58

Маған Майраның орындауындағы партиялар өзгелерге қарағанда ерекше ұнайды. Нәрестелі болуға дайындалып жатыр дегенді құлағым шалды. Аман-есен қол-аяғын бауырына алып, сахнаға қайтадан көрінуін асыға күтемін!

+0
19 қаңтар 2012, 23:36

Өкінішке орай, біздің қазақ операның сырын түсіне бермейді, Ринат Заитов секілді, кейбір білгішсімектер оны христиан дінін үгіттеудің бір түрі деп түсінеді))))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...