Тәуелсіздік күніне "Астана Опера" концерт өткізеді

Тәуелсіздік күніне "Астана Опера" концерт өткізеді
Фото: www.mabetex.eu

"Астана Опера" Тәуелсіздік мерекесін "Өнерім саған - Тәуелсіз Қазақстаным" атты концертпен атап өтеді.

Мәрмәр залдың сахнасында 16 желтоқсанда опера сахнасының жұлдыздары, "Астана Опера" симфониялық оркестрі мен хоры өнер көрсетеді. Сонымен қатар кеште Бағдат Әбілханов, Руслан Баймурзин, Альфия Каримова, Жұпар Ғабдуллина, Жамиля Жарқымбаева, Бибігүл Жанұзак, Айзада Капонова, Роза Нұркей, Асем Сембина, Мадина Исламова, Татьяна Вицинская, Бейімбет Танарықов, Жанат Шыбықбаев, Талғат Галеев көрермендерге қуаныш сыйлайды.

Кеш бағдарламасында Құрманғазының "Балбырауын" күйі, "Гәкку" орындалады. Дирижер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов.

Дереккөз: tengrinews

С. Ерсін