«Астана Опера» театрында «Ұйқыдағы ару» балеті қойылады

«Астана Опера» театрында «Ұйқыдағы ару» балеті қойылады
Фото: massaget.kz

«Астана Опера» театрының сұңғақ бойлы, сымбатты әрі жас балет солисі Еркін Рахматоллаев П.Чайковскийдің «Ұйқыдағы ару» балетінде ханзада Дезиренің партиясын орындайды. Балет өнерінің нағыз жауһар туындысын көпшілік 11 қарашада тамашалай алады, – деп жазады Massaget.kz тілшісі "Астана Опера" театрының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Бұл партиялар бір-біріне ұқсас. Жағымды кейіпкердің көңіл-күйін білдіру жолы ортақ, ал стиль жағынан өзгешеліктер болуы мүмкін, – дейді Еркін Рахматоллаев

Аврора ханшайым партиясын Әйгерім Бекетаева, Мамыргүлді Әнел Рүстемова, зұлым пері Карабосты Бауыржан Мекембаев, Көкқұсты Бауыржан Боранбаев, Флоринаны Назерке Аймұхаметова сомдайды. 

Спектакль 19.00-де басталады.

М. Бисембаева