«Арт Ордо» фестиваліне 6 елден 14 театр қатысып жатыр

«Арт Ордо» фестиваліне 6 елден 14 театр қатысып жатыр
Фото: театрдың баспасөз қызметі

«19-24 қазан аралығында өтіп жатқан Қырғызстан Республикасы V Халықаралық «Арт Ордо» фестиваліне 6 шетелдік және 8 қырғыз театры қатысуда. Қазақстаннан Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры мен Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық қазақ сазды-драма театры, Мукими атындағы Өзбек мемлекеттік академиялық музкомедия театры, Латухи атындағы Тәжік мемлекеттік драма театры, Набережночелнидегі Татар мемлекеттік академиялық драма театры, М.Вахидова атындағы тәжік мемлекеттік жастар театрлары айыр қалпақтылар елінде ең үздік қойылымдарын сахналап жатыр», – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Мұхтар Әуезов театрының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фестиваль нәтижесінде Халықаралық қазылар алқасы мынандай номинациялар бойынша жүлдегерлерді анықтайды: ең үздік қойылым – бас жүлде, ең үздік режиссер, ең үздік сценография, ең үздік еркек ролі, ең үздік әйел ролі, екінші пландағы еркек ролі, екінші пландағы әйел ролі, сыншылар көзайымы.

Қазылар алқасы:

Әшімов Асанәлі – қазылар алқасының төрағасы, КСРО халық артисі, Қазақстан Республикасы, Алматы;

Таджибаева Алтынай – өнертану ғылымдарының докторы, Өзбекстан Республикасы, Ташкент, Мәскеу;

Ходжаев Ато – Тәжікстанның халық жазушысы,  Тәжікстан Республикасы, Душанбе;

Ястребов Андрей – филология ғылымдарының докторы, профессор, ГИТИС, Ресей федерациясы;

Файзрахманов Рашат – театр қайраткері, Татарстан, РФ;

Абдықадыров Нұрлан – Қырғызстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қырғызтан Республикасы, Бішкек;

Козукеев Марат – Қырғызстанның еңбек сіңірген артисі, Қырғызтан Республикасы, Бішкек.

Сыншылар алқасы:

Кулмамбетов Жаныш – сыншылар алқасының төрағасы, Қырғызстанның театр қайраткерлер Одағының президенті, Бішкек;

Жуасбек Еркін – өнертану ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы, Алматы;

Исламбаева Зухра – өнертану ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы, Алматы;

Молдалиева Людмила Жапаровна – театртанушы, Қырғызстан Республикасы, Бішкек;

Султанова Рауза – өнертану ғылымдарының кандидаты, Татарстан, РФ, Қазан;

Табаров Мухаммадулло – тарих ғылымдарының кандидаты, Тәжікстан Республикасы, Душанбе;

Тойбаева Жұлдыз – филология ғылымдарының кандидаты, Қырғызстан Республикасы, Бішкек.

Қ. Бүйенбай