II Халықаралық «Жібек жолы» фестивалі «Аида» операсымен ашылады

II Халықаралық «Жібек жолы» фестивалі «Аида» операсымен ашылады
Фото: Астана Опера

Аты аңызға айналған режиссер Франко Дзеффиреллидің қойылымындағы «Ла Скала» театрының жанды баурап әкететін «Аида» операсы II Халықаралық «Жібек жолы» фестивалінің көркін ашады.

4 қазанда «Астана Опера» Үлкен залының сахнасында Радаместің рөлін Алманиядан келген белгілі тенор, Мангейм ұлттық театрының солисті Михаил Агафонов сомдайды.

Венаның мемлекеттік операсы, Ковент-Гарден Корольдік операсы, Париждің ұлттық операсы, Ресейдің Үлкен театры, Берлин, Мюнхен, Стокгольм, Дрезден, Хельсинки, Торонто, Майами, Токио және басқа қалалардың опералық театры сияқты биік сахналарда үнемі өнер көрсетіп жүрген Михаил Агафонов Қазақстанға алғаш рет келеді.

Солист Радамес партиясын орындап жүргеніне 14 жыл болғанын, алайда Франко Дзеффиреллидің қойылымына бірінші рет қатысатынын атап өтті.

Елорданың өнер сүйер қауымы, аталған операға дайындық кезінде «Ла Скала» театрында арнайы тәжірибе жинақтаған театрдың талантты жетекші солистерінің шеберлігін жоғары бағалады. Бас партияны шырқаған Жұпар Ғабдуллина (сопрано) өзінің «бояуы мен ауқымы ғажап даусымен» тыңдарманмен қатар, қатал музыка сыншыларын да қайран қалдырды (Бруно Вильен, Opera Magazine, Nov., 102 бет). Сарапшылар Амнеристің рөлін орындаған Дина Хамзинаның (ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, меццо-сопрано) асқан әртістік және актерлық шеберлігін атап өтті. ДирижеріҚР Еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов.

Опера әлемінің аңызына айналған Франко Дзеффирелли өзінің ғаламат қойылымында шоудың және заманауи технологияның элементтерін қолданып, туындысын жалпы «Ла Скала» театрының тарихындағы үздігі деп есептейді. Ұлы итальяндық режиссер сахнаны көне Мысыр өнерінің үлгілерімен толтырған. Сәнді көп қабатты алып декорациялардың қатарында сфинкстің басы, сахнаны жалтыратып тұру үшін ілінген алтын кесектер, мысырлық құдайлардың алып пішіндері және көне пирамидаға дейін бар. Маэстро Дзеффиреллидің асқан сценографиясы мен режиссерлік жұмысы және Маурицио Милленоттидің ұсақ-түйегінің көлемімен һәм тарихтағыдай нақты тігілгендігімен таң қалдыратын әдемі костюмдері, жасы мен ұлтына қарамастан, кез келген көрермендерді тамашалаған сайын қайран қалдыратынына таңданудың өзі артық.

Үш антрактіден тұратын спектакль 19:00-де басталады, ұзақтығы - 3 сағат 45 минут. Билет бағасы 500 теңгеден жоғары.

Михаил Агафонов Мәскеуде дүниеге келген. Әртістің репертуарында (Дж. Пуччинидің)«Эрнани» және «Дон Карлос» операларындағы бас партияларТағдырдың күші» операсында дон Альваро, «Трубадурда» Манрико, «Тоскада»Каварадосси, «Турандотта» Калаф партиялары, У. Джорданоның «Андре Шеньесінде» бас партиясы, В. Беллинидің «Нормасында»Поллион, Р. Леонкаваллоның «Сайқымазағында»Канио,Ш. Гуноның «Фауст» операсындағы аттас,Дж. Россинидің «Севильдік шаштаразында» граф Альмавива партиялары және көптеген басқасы да бар.

Ф. Абилова