Үлкен театр жайлы тарихи дерек

Үлкен театр жайлы тарихи дерек

Қазіргі Үлкен театр орналасқан жерде бұрында Неглинка өзені ағып жатқан. Үлкен театрдың тарихы 1776 жылдан Князь Урусов театр құрылысын бастауға рұқсат алуынан басталады. Алайда бірде-бір қойылымды көрсетуге рұқсат берілмейді. Біраз уақыт театр Петровский деп аталады. 1825 жылы қаңтар айында көрермен қауым тұңғыш рет театрдың ашылу салтанатына куә болады. Театр 6 қаңтарда «Торжество Муз» қойылымымен ашылды. Қойылымда кейіпкерлер театрды салып, оны жаңадан шығарып, сол уақытты суреттеді.


1853 жылы Үлкен театр өртеніп кетті. Бірақ, театр тез арада қайта қалпына келтіріліп, мекеме труппасы біріктіріліп, театр өз жұмысына кірісті. Көпшілік қауым қаланың көркін ашқан театр ғимаратын ұнатып қана қоймай, халыққа жақсы өнер сыйлаған театр қызметкерлерінің еңбегін жоғары бағалады. Театр шымылдығының өзі хас суретшілердің еңбектерінің жарысқа түсіп, үлкен сыннан өткен соң ғана анықталады.

Қазіргі таңда 235-маусым жүріп жатыр. Бұл күнге дейін театрда «Аида», «Кармен» опералары, «Саламбо» балеті, сонымен қатар «Борис Годунов», «Князь Игорь», «Снегурочка» туындылары дүниеге келді. Үлкен театр сахнасында Глинка, Чайковскийдің музыкаларына жазылған шығармалардың тұсауы кесілді, әлемге танымал опера дауыстары шырқалды.

Үлкен театр билеттері қойылым болмай жатып, алдын ала сатылып кетеді. Қала тұрғындары мен қонақтары, жүздеген, мыңдаған өнерсүйер қауым өнер әлеміне саяхат жасауға құмар. Билеттер өте тапшы, бағзыдан оның коммерциялық негізі қалыптастырылған. Бірақ соған қарамастан, билеттерге сұраныс жоғары болып, көпшілік қауым үстеме бағамен билеттерді сатып алып жатты.


Орыс ұлтының жаны кең, әсемдікке құштар. Рухани құндылықтарды бағалай біледі. Үлкен театр қай заман болмасын адамның мәдени қажеттіліктерін қанағаттандырып келеді. Сонымен қатар, көрермен жасанды ойын, өтіріктен ада, нағыз өнерді көру үшін амалын тауып, қымбат билет болса да, театрға баруға ұмтылады.

Үлкен театрға билет – қымбат рахаттың бірі. Билеттер бұл күнде де үлкен сұранысқа ие, бірақ бағасы сапаны анықтайды.

Форумда талқылау

Суреттер ғаламтор беттерінен алынған

Ғ. Ұзақ