Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Театр / Мариин театры - бағзыдан танымал мәртебелі орда

Мариин театры - бағзыдан танымал мәртебелі орда

Мариин театры - бағзыдан танымал мәртебелі орда

Мариин театрының тарихы 1783 жылы 12 шiлдеде «Музыка мен ойын-сауықты басқару үшін» театралды комитетті бекіту жарлығының шығуымен байланысты. 5 қазанда Карусель алаңында Үлкен Камен театры салтанатты түрде ашылады. Театр алаңға жаңа атау беріп, бұл күнге дейін Театр алаңы деген атаумен келеді.

Антонио Ринальди жобасымен салынған Үлкен театр өзінің кеңдігімен, сәулет құрылысымен, сол замандағы техникамен жабдықталған сахнасымен көпшілікті таң қалдырған. Ашылу салтанатында Джованни Паизиеллоның Mondo della luna («Ай әлемі») операсы орындалды. Орыс труппасы итальян және француз труппаларымен бірге өнер көрсетіп, драмалық қойылымдар ойналып, вокалды-аспапты концерттер болды.

Петербор қаласының құрылысы жүргізіліп, қала үздіксіз өзгертіліп жатты. 1802-1803 жылдары сәулетші және суретші Тома де Томон  театрдың ішін толық жөндеуден өткізіп, сыртқы келбетін өзгертті. Жаңа келбетке ие болған Үлкен театр Адмиралтей, Биржей, Қазан шіркеуі сияқты көрікті мекендердің біріне айналды.

Алайда 1811 жылы 1 қаңтарда театр өртеніп кетіп, оның ішкі жабдықтары мен ғимарат алды өртке оранды. Тома де Томон театрды қайта жөндеуге ат салысты, алайда оны бітіре алмай кетті. 1818 жылы 3 ақпанда жаңартылған Үлкен театр қайта ашылып, «Солтүстіктегі Аполлон мен Паллада» прологы мен Катарино Кавостың музыкасына қойылған Шарль Дидлоның «Зефир мен Флора» балеті көрсетілді.

Өрттен кейінгі кезеңде театр репертуарына Моцарттың «Сиқырлы флейта», «Похищение из сераля», «Милосердие Тита» және Россинидің «Золушка», «Семирамида», «Сорока-воровка», «Севильский цирюльник» шығармалары енді.


1824 жылы мамыр айында Вебердің «Вольный стрелок» туындысының премьерасы болып, орыс операсының бастауы болды.

1836 жылы сазгер мен капельмейстердің ұлы, сәулетші Альберто Кавос акустиканы жақсарту мақсатымен театр залының күмбезін өзгертіп, оның орнына көркемдік шеберхана орналастырады. Сонымен қатар, көрермендер залындағы бағаналар алынып, залдың ұзындығы мен ені кеңейтіліп, көрермендер орнының саны екі мыңға дейін жетеді.

1836 жылы 27 қарашада жөндеуден өткен театр өз есігін қайта ашып, Глинкидің «Жизнь за царя» атты операсының премьерасы өтті. Алты жылдан кейін 1842 жылы 27 қарашада Глинкидің тағы бір шығармасы «Руслан мен Людмила» операсы қойылды. Осы екі күн орыс мәдениеті тарихында айтулы болып саналады. Себебі, Үлкен театрда Моцарт, Россини, Беллини, Доницетти, Верди, Мейербер, Гуно, Обер, Том сынды сазгерлердің опералары қойылатын.

Уақыт өте келе орыс опера труппасының қойылымдары Үлкен театрға қарама-қарсы орналасқан Александр театрының (Театр-цирк) сахнасында көрсетіледі. Бұл сахнада, сонымен қатар, балет труппасы итальян операларымен қатар қойылды.

1859 жылы Театр-цирк өртеніп кеткен соң, сәулетші Альберто Кавос жаңа театр салып, дәл сол кездегі ел патшасы II Александрдың жұбайы Мария Александрқызының құрметіне театрдың атауы берілді. Жаңа ғимараттағы алғашқы маусым 1860 жылы 2 қазанда Глинкидің «Жизнью за царя» туындысы орыс операсының бас капельмейстері болашақ танымал сазгер Анатолий Лядовтың әкесі Константин Лядовтың басқаруымен ашылды.

Мариин театры орыс ұлтының алғашқы музыка сахнасының дәстүрін бекітіп, оны ары қарай дамытты. 1863 жылы Константин Лядовтың орнына бас капельмейстер Эдуард Направник тағайындалған соң, театр тарихында жарқын кезеңдер басталды. Мариин театрында жарты ғасырдай қызмет атқарған Направниктің арқасында бірқатар опералар қойылып, орыс ұлтының операсы тарихына үлкен үлесін қосты. Атап айтсақ, Мусоргский «Борис Годунов», Римский-Корсаков «Снегурочка», «Майская ночь», «Псковитянка», Бородин «Князь Игорь», Чайковский «Орлеанская дева», «Чародейка», «Пиковая дама», «Иоланта», Рубинштейн «Демон», Танеев «Орестея».

ХХ ғасырдың басында театр репертуары Вагнер «Кольцо нибелунга» тетралогиясы, Рихард Штраус «Электра», Римский-Корсаков «Сказание о невидимом граде Китеже», Мусоргский «Хованщина» сияқты бірқатар туындыларға толықты.

1869 жылы театр труппасына басшылық еткен Мариус Петипа Жюль Перро мен Артюр Сен-Леон дәстүрін жалғастырды. Петипа «Жизель», «Эсмеральда», «Корсар» классикалық қойылымдарына үлкен құрметпен қарап, сақтап қалды. «Баядерка» қойылымы арқылы балет сахнасы жаңадан өмірге келгендей болды. «Балет пен симфония бір» дегенді бекіткен Петипаның Чайковскиймен кездесуі «Спящая красавица» атты музыкалық-хореографиялық поэма мен «Щелкунчик» хореографиясын дүниеге алып келді.

Чайковский дүниеден озған соң, Петипа мен Ивановтың бірігіп қойған хореографиясының арқасында «Лебединое озеро» қойылымы Мариин театрында қайта өмірге келді. Хореограф-симфонист Петипа өз атын Глазуновтың «Раймонда» балеті арқылы нығайта түсті. Оның жаңашыл ой-пікірлерін Михаил Фокин жалғастырды. Черепнин «Павильон Армиды», Сен-Санса «Лебедь», Шопен «Шопениан» қойылымдары және Парижде дүниеге келген Римский-Корсаковтың музыкасына жазылған  «Шехеразада», Стравинскийдің музыкасына жазылған «Жар-птица» мен «Петрушка» балеттерін Мариин театрында қойған болатын.

Мариин театры бірнеше рет қайта жөндеуден өткен. 1885 жылы Үлкен театрдың жабылуының алдында Мариин театрының сахнасына бірқатар қойылымдар көшірілді. Патша театрлардың бас сәулетшісі Виктор Шретер ғимараттың сол жағына үш қабатты корпус салды. Корпус ішінде театр шеберханасы, дайындық залдары, электростанция мен жылыту бөлмелері орналасқан. 1894 жылы Шретердің басшылығымен ағаш шатыр темір бетон мен болат шатырға ауыстырылды, қабырғаларға қосымша бөлмелер қосылып, көрермендер фойесі кеңейтілді. Сондай-ақ, ғимараттың алдыңғы жағы да қайта жөнделіп, монументтік формаға келтірілді.

1917 жылы 9 қарашада Мариин театры Мемлекеттік театр мәртебесіне ие болып, 1920 жылы Мемлекеттік академиялық опера және балет театры деп аталды. 1935 жылы театрға С.М. Кировтың есімі берілді. Өткен ғасырдың классикалық шығармаларымен қатар, XΧ ғасырдың 20-30 жылдары театр репертуары Сергей Прокофьевтің «Любовь к трем апельсинам», Рихард Штраус «Саломея» и «Кавалер розы», Альбан Берг «Воццек» опералары және де Рейнгольд Глиэр «Красный мак», Борис Асафьев «Пламя Парижа» және «Бахчисарайский фонтан», Александр Крейн «Лауренсия» және Сергей Прокофьевтің «Ромео и Джульетта» драмбалеттерімен толықты.


Вагнеровтың «Лоэнгрин» операсы Киров театрының соғыс алдындағы соңғы премьерасы болды. Екінші қойылым 1941 жылы 21 маусымда кешкі уақытта аяқталды. Маусымның 24-і мен 27-і күндеріне белгіленген қойылымдар «Иван Сусанин» қойылымына ауыстырылды. Ұлы Отан Соғысы кезінде театр Пермь қаласына көшірілді. Бұл қалада Арам Хачатурянның «Гаянэ» балеті сияқты бірқатар қойылымдардың премьерасы болды. Ленинград қаласына оралған соң, театр кезекті маусымын 1944 жылы 1 қыркүйекте Глинки «Иван Сусанин» операсымен ашты.

50-70-жылдары театр көрермендерге Фарид Яруллиннің «Шурале», Арам Хачатурян «Спартак»,  Борис Тищенко «Двенадцать» (Леонид Якобсон хореографиясы), Сергей Прокофьев «Каменный цветок», Ариф Меликов «Легенда о любви» (Юрий Григорович хореографиясы),  Дмитрий Шостакович «Ленинградская симфония» (Игорь Бельский хореографиясы) балеттері мен Прокофьев, Дзержинский, Шапорин, Хренников опералары сияқты жаңа шығармалар ұсынды.

1968-1970 жылдары Саломей Гельфер жобасына сүйене отырып, театр ғимараты үлкен күрделі ғимараттан өтті. 

1976 жылы театрға Юрий Темирканов басшылық етті. 80-жылдардағы Чайковский «Евгений Онегин» және «Пиковая дама» операларының театр репертуарына енуі театр тарихындағы ерекше кезең болып табылады.

1988 жылы театрдың бас дирижері болып Валерий Гергиев сайланды. 1992 жылы 16 қаңтарда театрға көне аты Мариин қайта берілді.

2006 жылдан бері Мариин театрының көркемдік жетекшісі әрі директоры Валерий Гергиевтің ықпалымен салынған Концерттік залға театр труппасы мен оркестрі иелік етеді.

Форумда талқылау

 Суреттер ғаламтор беттерінен алынған

3504 2
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 12 қаңтар 2012, 11:46
Пікірлер
+0
15 қаңтар 2012, 19:00

Осы театрда қызмет ететін Еркін Ғабитов өз қызмет жолын Алматыдағы Абай театрынан бастағанын көпшілік біле бермейді

+0
17 қаңтар 2012, 17:00

осы театрға бару менің арманым....

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...