"Опералия - 2012" халықаралық фестивалі өтеді

"Опералия - 2012" халықаралық фестивалі өтеді

Астана күнінің орай биыл Астана және Алматы қалаларында жетінші рет «Опералия» халықаралық фес­тивалі өтеді. Шара шілде айының 1-7 аралығында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастыруымен өтеді. 

2005 жылдан бастап өткізілетін фестивальге әлемнің үздік театрларының әйгілі опера әншілері мен жетекші балет әртістері келіп, өз өнерлерін ортаға салады.

«Опералия-2012» халықаралық фестивалінің ашылу салтанаты 1 шілде күні Астана қаласындағы «Қазақстан» орталық концерт залында өтеді. Кеште өнерсүйер қауым «Әлемдік балет жұлдыздары» атты гала-концерті тамашалай алады. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген Роберта Маркез, Арионель Варгас (Англия), Дерек Данн, Мария Ков­роски, Аск ля Кур Расмуссен (АҚШ), Ма Сянь­дон, Чжан Синьлю (Қытай ұлттық ба­леті), Хуан Кая, Шига Якуе (Жапония) сияқты өнер жұлдыздарының қатысуымен өтетін гала-концертте К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының солистері Мәдина Басбаева, Рүстем Сейтбеков, Әйгерім Бекетаева, Тәйір Гатауов, Гаухар Усина, Жан­дос Әубәкіров және Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының балет солистері Сәуле Рахмедова мен Азамат Асқаров өнер көрсетеді.

Шілде айының 3 жұлдызында «Қа­зақ­стан» орталық концерт залында сағат 19.00-де «Әлемдік опера жұлдыздары» атты гала-концерт өтеді. Концерт бағдарламасы бойынша кешке Еуропа театрларының жетекші солистері Джузеппе Варано және Сильвия Дал­ла Бенетта (Италия) қатысатын болады.

Фестиваль 7 шілде күні Алматы қаласында үлкен гала-концертпен аяқталады. Абай атындағы Мем­лекеттік академиялық опера және балет театрында өтетін кеште алматылықтар Сильвиа Далла Бенетта мен Джузеппе Вараноның (Италия) қатысуымен «Әлем­дік опера жұлдыздары» концертін тамашалай алады.   

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ

Суреттер: astanatoday.kz

Ғ. Ұзақ