Оқи отырыңыз

Егер гүлдерде жүрек болса, ең үлкен әрі мықты жүрек бәйшешекте болар еді.

Автор: Сатыбалды Нарымбетов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Театр / Әртістер арасындағы ырым-тыйымдар

Әртістер арасындағы ырым-тыйымдар

Әртістер арасындағы ырым-тыйымдар

Кейбір әртістер өзге де шығармашыл адамдар секілді кейде ырымшыл, кейде тым сезімтал, кейде өзгелердің көрген түсіне, не олардың сенетін ырымына көзсіз сене салады. Бірақ мұны теріс көрер жайымыз жоқ. Олар өнер жолында жүргендіктен, бәрінің сәтті шыққанын қалайды. Содан болар, өзге салада жүрген жандармен салыстырғанда әртістер, соның ішінді театр әртістері ырымға ерекше сенеді. Сахна – әртіс үшін өте киелі жер. Кейбір әртістер сенетін ырым-тыйымдарға назар аударыңыз:

Сахнада:

  • Сценарийден тыс сахнада айқайлауға, дөрекі дауыс көтеруге, ұрысуға, ысқыруға болмайды.
  • Сахнада шемішке шағуға болмайды, әйтпесе құрам жиналмай қалады.
  • Егер қойылым жүріп жатқан кезде сахнадан қаңғыбас мысық жүгіріп өтсе, ол – жамандықтың нышаны.
  • Қолшатыр мен тарақ негізі ешқандай жамандық шақырмайтын заттар. Бірақ сахнада әлдекім қолшатырды ашып, тарақты түсіріп алса, жамандық күте беріңіз.
  • Егер әртіс сахнадан шеге тауып алса, рөл алуда жолы болады.
  • Сахнада ешқашан тірі гүл қолдануға болмайды. Тек жасанды гүлдерді ғана пайдалану керек.
  • Егер актердің қандай рөлде болсын, сахнаға алғаш шыққанда, аяқ киімі сықырласа, онда оны сәттілік күтіп тұр.
  • Сахнаға шығарда оң аяқпен аттап шығу керек. Егер сол аяқпен шығып қалсаң, не айтар сөзіңді ұмытып қаласың, не қандай да бір келеңсіз жағдайлар болып қалуы ықтимал.

Әрлеу бөлмесінде «абай болатын» әрекеттер:


  • Әрлеу бөлмесінде айнаға әріптестер жақтан оң жақ иықпен қарау керек.
  • Әрлеу бөлмесіндегі ең ақымақтық іс – ысқыру. Егер біреу осылай етсе, онда бір актер рөлінен айырылып қалады. Байқаусызда ысқырып қойған жағдайда әрлеу бөлмесінен шығып, есікті қағып қайта кіруі керек.
  • Киіну бөлмесінен үнемі сол аяқпен шығуы керек.
  • Әрлеу бөлмесінің есігіне ешқашан сурет іліп қоймау керек.

Дайындық пен қойылымға қатысты:

  • Егер актер сценарийдің соңғы репликасын айтпай қалса, «біттім» дей беріңіз.
  • Дайындық кезіндегі ең келеңсіз нәрсе – оның сәтті шыққаны. Егер қойылым дайындық барысында еш мінсіз қойылса, онда премьерадан сәттілік күтпей-ақ қойыңыз.        
  • Екінші рет қайталанып сахналанған қойылым да сәтсіздікке толы болып, алғашқысына қарағанда төменгі дәрежені көрсетеді.
  • Көптеген әртістер трагедияға толы қойылымдардағы рөлдерді сомдаудан қорқады. (Мысалы көбі «Мастер и Маргарита» қойылымына аса қауіппен қарайды) Ондай жағдайда не ауырып қалады, не театрдан біржола кетіп тынады.
  • Қолдан келгенше өлімді ойнаудан алшақ болу керек. Оның образына енем деп, өзіңізге көп ауыртпалық түсіріп алуыңыз әбден мүмкін. Сонымен қатар сол кейіпкердің тағдыры сізге әсер етуі мүмкін.
  • Сары түс. Театрлар арасында таралған аңыз әртістің осы түстен қашуына себеп. Атақты француз актеры Мольер сахнаға сары түсте тігілген киімді киіп шыққан сәттен соң бірден көз жұмыпты. Содан бері әртістердің көбі осы түстен бойын аулаққа салады. Театрдың костюмерлері мен суретшілірі де сахнаны әрлеп, әртістерге киім ұсынатын кезде қолдан келгенше осы түсті таңдамауға тырысады.
  • Кез келген премьера үшін жұма – ең сәтсіз күн.
  • «Макбета» қойылымындағы әнді ешқашан да дайындық кезінде айтпау керек.

Пьеса мен рөлге қатысты:

  • Театрға бақытсыздық әкелетін қойылым – «Макбета». «Мыстанның әні» жын шақырады деген түсінік бар. Пьеса шеңберінде осы ән көп рет қайталанып айтыла берген екен. Содан қойылымда ойнаған әртістерге түрлі бақытсыздықтар келген. Бұған «Old Vie Theatre»-нің мейірімді кемеңгері Лилиан Бейлистің өлімі дәлел. Ол дәл «Макбета» қойылып жатқанда көз жұмған.
  • Ең сәтсіз балалар қойылымы – «Робин Гуд» және «Балалар орманда»
  • Ең сәтті қойылым – «Золушка»

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: teatronix.ru, en. www.lensart.ru, style-expo.ru, mobilmusic.ru, gdefon.ru

3269 4
Рейтинг: +1

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 28 маусым 2012, 10:30
Пікірлер
+0
28 маусым 2012, 10:22

оң аяқпен аттау ырымы барлық жерде бар ))

+0
28 маусым 2012, 10:31

Дайындық кезіндегі ең келеңсіз нәрсе – оның сәтті шыққаны. :shock:

+0
28 маусым 2012, 10:35

қазақ тіпті ырымшыл халық қой...

+0
06 шілде 2012, 22:03

хехе :lol: қызық

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Сплит +16
Сплит +16

«Внутри Кевина живут 23 личности. Вскоре еще одна явит себя миру»

Автор: Айкона Н
Тұмса табиғат тыныштықты қалайды (эссе)
Тұмса табиғат тыныштықты қалайды (эссе)

Табиғат әсемдігі мен тыныштығы туралы

Өмірімде бананға тайып құлаған адам көрмеппін!
Өмірімде бананға тайып құлаған адам көрмеппін!

Емтихан парақтарын жасау үшін күніне 100.000 ағаш кесіледі

Автор: Arayka Sakhova
Жолдар, жолдар
Жолдар, жолдар

Тесігіңді түзеп, жыртығыңды жамасаңшы...

Мектепте оқығаннан бері біз сеніп келе жатқан әлемдегі 13 миф
Мектепте оқығаннан бері біз сеніп келе жатқан әлемдегі 13 миф

Ұлы Қытай қорғаны ешқандай құралсыз ғарыштан көрінеді.

Автор: Arayka Sakhova
Махаббат деген не?
Махаббат деген не?

Махаббат деген не?


Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...