Мұрат Мұтырғанов циркке орынбасар болып келді

Мұрат Мұтырғанов циркке орынбасар болып келді

Күлкі әлемінің әртісі, клоун Мұрат Мұтырғанов Алматыдағы Қазақ мемлекеттік циркінің шығармашылық дамыту жөніндегі директорының орынбасары болып тағайындалды.

"Мен көрермендердің көңілін табатын жаңа шоулардың жарыққа шығуына жауап беретін боламын. Және оған қоса Америка, Германия, Италия сияқты өнер елдеріне қазақ цирк өнерін таныта алатындай жаңа нөмірлердің дүниеге келуіне де кепілдік беремін"- деп жиырма сегіз жастағы Мұрат ағынан жарылды.

Сонымен қатар Мұрат өзінің алға қойған мақсаттарымен де бөлісті. "15-16 қыркүйекте, яғни Алматы күніне орай бүкіл дүниежүзілік цирк фестивалін өткізетін боламыз. Аталған шара жыл сайын Алматыда болып тұрады" - деп директордың орынбасары айта кетті. Және Алматы күніне орай ұйымдастырылатын фестивальға Италиядан, Германия, Ресейден, Қытайдан, Америкадан, Украинадан әртістер шақырылатын болады. Қазірдің өзінде Алматы циркі жаңа жылдық шараға қызу дайындық үстінде екен. "Ең бастысы жаңаша леп алып келетін шет елдік режиссерлерді шақырдық" - деді Мұтырғанов сөз соңында.

"Мұтырғандықтар" атты цирк тобында өнер көрсеткен үш жылда Мұрат ең жас клоун атанып үлгерді. Ол аз десеңіз, бірнеше сыйлықтардың да иегері. Бар-жоғы 22 жасында "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" деген атақ алған-ды.

Сурет: subscribe.ru

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига