Астанада "Вивальди музыкасы" атты тегін концерт өтеді

Астанада "Вивальди музыкасы" атты тегін концерт өтеді

5 наурызда «Астана» Ұлттық сурет галереясының сахнасында «Вивальди музыкасы» атты концерт өтеді.

Кеш «Астана Опера» театрының Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай өткізілейін деп отыр.

Концерт бағдарламасына италиялық композитор Антонио Вивальдидің аспаптарға арналған «Жыл мезгілдері», Concerto grosso d-moll, «Қос кернейге арналған концерт» атты шығармалары енді. Тыңдарманға асқақ өнермен кездесу ұйымдастыратын «Астана Опера» оркестрінің солистері: Сағиқожа Ережепов, Әйгерім Ерғалиева, Кирилл Красюков, Мәдина Мұхамет, Қаламқас Жұмабаева, Гүзәл Тәжіғұлова, Құрбанжан Ахатов, Росс Кларк, Марат Зәкәриянов.

Вивальди – барокко дәуірінің белгілі композиторларының бірі. Ол түрлі аспаптардың жеке орындауына арналған көптеген туындылар жазған.

Театр жыл аяғына дейін Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған 12 концерт өткізуді жоспарлағанын еске сала кетейік. Басты мақсат – тыңдарманға классикалық өнермен сусындауға мүмкіндік беру.

Концерт 17:00-де басталады, кіруі тегін

Сурет: Театрдың баспасөз қызметі

Ф. Абилова