Астанада «Богема» операсы қойылады

Астанада «Богема» операсы қойылады

11 наурызда «Астана Опера» театрының негізгі сахнасында Дж. Пуччинидің «Богема» операсы қойылады. Жеңіл мінезді Мюзеттаның партиясын «Үлкен опера» тележобасының жеңімпазы Салтанат Ахметова орындайды.

Басты кейіпкерлер мен орындаушылар: Рудольф – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жан Тәпин. Марсель – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Сүндет Байғожин; ҚР еңбек сіңірген қайраткері Талғат Мұсабаев. Шонар – Евгений Чайников. Коллен – Башқұртстанның еңбек сіңірген әртісі Артұр Қайыпқұлов. Мими – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Ниязова; ҚР еңбек сіңірген қайраткері Бибігүл Жанұзақ. Мюзетта – Салтанат Ахметова. Аталған қойылымда «Астана Опера» театрының Балалар Хоры өнер көрсетеді.

Операны қойған режиссер, Ресейдің халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Юрий Александров арман мен күйбең тіршілік арасындағы қайғылы өмір қайшылықтарын қызықты оқиға арқылы зерделейді. 

Спектакль бір үзілістен тұрады, 2 сағат 40 минутқа созылады. Билет бағасы 500 теңгеден басталады.

Сурет: Театрдың баспасөз қызметі

Ф. Абилова