Шекспирдің «Бірінші Фолио» пьесалар жинағы Лондонға әкелінді

Шекспирдің «Бірінші Фолио» пьесалар жинағы Лондонға әкелінді

«Бірінші Фолио» деп аталатын Шекспирдің пьесалар жинағы Лондондағы «Глобус» театрына әкелінді. Еңбек алғаш рет 1623 жылы автор қайтыс болған соң, жеті жылдан кейін жарық көрген. Бұл туралы tankaz.kz сайты хабарлады.

900 беттен тұратын жинақта Шекспирдің 36 пьесасы енгізілген. Ағылшын әдебиетінде ең құнды саналатын кітап былтыр Сент-Омер қаласындағы француз кітапханасынан табылған.

Жинақты тарихшы, кітапханашы Реми Кардоннер Сент-Омер мен Ұлыбритания арасындағы тарихи байланысты зерттеу барысында қазып тапқан. Кітап ақ қағазға оралып, арнайы қорапқа салынған.

Бұқаралық ақпарат құралдары, академик және тарихшылардың назарына ұсынылған құнды кітап апта соңында Сент-Омер қаласына қайта жөнелтіледі.

«Christie's» аукцион үйінің сарапшылары, кітапты бағалап, осы жылдың маусым және тамыз айларында халық назарына ұсынбақ.

Айта кету керек, жинақта автордың «Гамлет», «Ромео мен Джульетта» және «Дауыл» шығармалары бар. Бірақ, кітаптың алғашқы беті мен 30 беті жоғалған.

Сурет: quo.es

Н. Айдархан