Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Театр / Әлемдегі жалғыз кәсіби ұйғыр театры Алматыда орналасқан

Әлемдегі жалғыз кәсіби ұйғыр театры Алматыда орналасқан

Әлемдегі жалғыз кәсіби ұйғыр театры Алматыда орналасқан

Бүгін біз сіздерге қазақтың елінде шаңырағын көтеріп, керегісін керіп отырған Құдыс Қожамьяров атындағы Ұйғыр музыкалық комедия театры жөнінде баяндамақпыз. Бұл театр – әлемдегі жалғыз кәсіби ұйғыр театры. Ал бұл театр өнердің «патшалығы» болған Алматы қаласында орналасқан. Театр тарихы сонау 1934 жылдан бастау алады.  Сол жылы театр Алматы қаласында ұйымдастырылып, ағымдағы жылдың 24 қыркүйегінде Д.Асимов пен А.Садыровтың “Анархан” атты музыкалы драмасымен тұңғыш рет шымылдығын ашады.

Ең алғаш Ұйғыр облыстық музыкалық драма театры аталған бұл өнер ордасы 1941-1961 жылдар аралығында Алматы облысы, Шелек қаласына ауысып, 1961 жылы Алматы қаласына қайта ат басын тірейді. Олар сол кездері ұлттық драмалармен қатар өзге де классикалық және аударма шығармаларды (У.А. Гаджибеков, Л.А. Юхвид пен А.Б. Александров, Ж.Б. Мольер, т.б.)  сахнаға шығарып, өнердің өресін кеңейтеді. Актерлер М.Бақиев, М.Семятова, С.Саттарова, А.Шәмиев, А.Ақбаров, З.Ақбарова, М.Ахмадиев, Қ.Әбдірәсілов, режиссерлер А.Ибрагимов, А.Марджанов, Д.Садырова, театр суретшілері К.Пак, П.Ибрагимов, композиторлар Қ.Қожамияров, Ғ.Зайнаутдинов, И.Масимов, И.Исаев, т.б. театрдың нығайып, қалыптасуына елеулі үлес қосты. 1964 жылы республикалық ұйғыр музыкалық драма театрына айналды да, араға үш жыл салып, ұйғыр музыкалық комедия театры деген жаңа атқа көшті.

Театрға шығармашылығы Қазақстанның музыка өнерінің ажырамас бөлігіне айналған профессор, КСРО-ның халық әртісі, сазгері Қ.Қожамьяровтың есімі 2005 жылы ғана берілді. Ұйғыр театрының 1997 жылы Каирдағы «Египет» тәжірибелік қойылымдар халықаралық фестивальінде қатысуы театр шекарасының кеңейгенінің, оның халықаралық аренаға шығуының жарқын көрінісі.  Әр жылдары театр репертуарынан орыс, өзбек, қырғыз, башқұрт, әзербайжан, грузин және қазақ жазушыларының М.Әуезовтің (“Айман — Шолпан”), Ғ.Мүсіреповтің (“Қозы Көрпеш — Баян сұлу” мен “Қыз Жібек”), С.Мұқановтың (“Қашғар қызы”), Ш.Хұсайыновтың (“Шолпан” мен “Қайран Гәкку”), Қ.Мұхамеджановтың (“Бөлтірік бөрік астында”), Қ.Байсейітов пен Қ.Шаңғытбаевтың (“Беу, қыздар-ай”, “Ой, жігіттер-ой”), С.Шәймерденовтің (“Дөкей келе жатыр”), шет ел драматургиясының (У.Шекспир, Лопе де Вега, А.В. Вальехо) туындылары да орын алды. Театрдың жанында “Яшлық”, “Нава” және “Сада” ансамбльдері жұмыс істеді. Театр ұжымы 1984 ж. “Құрмет белгісі” орденімен марапатталды.

2002 жылы күрделі жөндеуден өтткен театр шымылдығын қайта ашты.

Театрды ұзақ жыл басқарған Мұрат Ахмадиев Парламент Мәжілісіне депутат болып сайланғаннан кейін, бұл қызметке Мәдениет министрлігі талантты сазгер, "Дервиши" тобының әншісі Әділ Жамбақиевты тағайындады. Шығармашылық ұжым фестиваль, басқа да мәдени шаралар негізінде Ресей, Германия, Америка, Англия, Түркия, Мысыр, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Венгрия, Пәкістан, Португалия, Финландия, Швейцария, Румыния, Болгария секілді елдерде өнер көрсетті. Театр расында театрлық және музыкалық мәдениеттің орталығы, Қазақстанның көп ұлтты театрларының бөлігі болып табылады. Театрдың шығармашылық жолы халық өмірімен тығыз байланысты сипатталады. Бұл басқа халықтармен бірге өмір сүретін ұйғыр халқының тарихында жаңа қатынастарды орнату үдерісінің сипаттамасы, ұйғырлардың жаңа тағдыры.

Бір шаңырақ астында тату-тәтті ғұмыр кешіп келе жатқан туысқан ұйғыр халқы досқа құшағы ашық қазақ халқының қонақжайлығына шексіз риза. Жер бетіндегі жалғыз театрларының қазақ елінде ашылғанын жадыларынан шығармайтын олар ұйғыр мәдениетінің жауһар мен жақұттарын сахналау арқылы ел мәдениетінің еселенуіне еселі үлес қосқылары келетінін жасырмайды. Қандай ұлт болмасын, қандай ұлыс болмасын, бәріне де өнер ортақ. Ортақ өнердің өріне өркендеп келе жатқан өнер ордасына өркенің өсе берсін демекпіз!

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: uighur.kz, np.kz, uighur.narod.ru, infokz.com, mashurova.org

5088 0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 18 маусым 2012, 14:42
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Күңк-күңк күбір...
Күңк-күңк күбір...

Шу-шу десек Ду-ду өсек

Аралас экономиканың қазақстандық  моделі
Аралас экономиканың қазақстандық моделі

Аралас экономика әр түрлі меншік нысандарына, олардың өзара қарым-қатынасы мен...

Қарымта қайтаратын сәт келді деді ме екен...
Қарымта қайтаратын сәт келді деді ме екен...

«Үрбибімізді» «Дерзкая» десе, Бек Нұрдың «Мені ұмыт» әнін «Предала» деп...


Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...