Оқи отырыңыз

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Театр / Опера әншілері базарда ән салды

Опера әншілері базарда ән салды

Опера әншілері базарда ән салды

Қазақ опера тарихында тұңғыш рет театр хор әншілері мен әртістері сахнада емес, халық көп шоғырланған орталық базарда өнер көрсетті. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының әртістері мен хор әншілері Алматының Орталық базарында «Опералық флэш-моб» шарасын өткізді.

Орталық базардағы саудагерлердің орнын алмастырған театр әртістері жанды дауыста әлемге әйгілі опералардың партияларын орындады. Базарға сауда жасауға келген жас-кәрі әуелгі баста елге танымал әншілерді аса тани қойған жоқ. Табан асты ән шырқалған кезде базарда жүрген жандар бастарын көтеріп, ән шырқалып жатқан жаққа қарай ағылды.

Алғаш болып ҚР еңбек сіңірген қайраткері Болатбек Бөкенов атақты «O sole mio» шығармасын орындады. Ет сатушысының киімін киген ол өз әнін «Базарың құтты болсын!» деген сөздермен бастады. Таныс әуенді естіген жұртшылық әншінің қоршай жөнелді.

Болатбек Бөкеновтен кейін екінші қабатта тұрған ҚР еңбек сіңірген қайраткері Сара Ищанова жалғастырды. Ол «Habanera» ариясын айтқан кезде, қалың көпшілік еріксіз бастарын жоғары көтеріп, әншіге қол бұлғап жатты. Айта кетерлігі, қалың қауымның арасында хор әншілері де жүрді. Олар өз кезегінде әншілерге қосылып, өз партияларын орындап, шараны одан әрі әрлеп жіберді.

Кеңінен таныс «Тореадор» естілгенде базарға жиналған жұртшылық орындап жатқан әншіні жан-жағына қарап, іздей бастады. Екінші қабаттан ән шырқаған театр әртісі Александр Сметанинге хор әншілері де қосылды. 

Жеміс-жидек сататын саудагерлердің киімін киген ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жәмилә Баспақова атақты «Травиата» операсындағы арияларды «ет сатушы» Болатбек Бөкенов және хор әншілерімен бірге орындады.

Қарапайым жұрттың арасында жүрген хор әншілері партияларға қосылып қана қоймай, бір-бірімен билеп, өздерін сахнадағыдай еркін ұстады. Әншілердің өнеріне тәнті болған халық ұзақ қол соғып, өнерпаздарды фотосуретке түсіріп, ыстық ықыластарын білдіріп жатты.

Мәдени шараның басты мақсаты - жұрт назарын үлкен өнерге аудару, оныт кеңінен насихаттау мен таныстыру. Күнделікті тіршілікпен жұртшылық  өнер ордасы саналатын театрға көп бара бермейді. Ал театр әртістері бұл олқылықты толтыру мақсатымен өздері халық алдында өнер көрсету керек деген шешімге келген екен. Игі шара ІІІ Халықаралық опера және балет өнерінің фестивалінің қарсаңында «Казкоммерцбанк» АҚ қолдауымен өткізілді.   

ІІІ Халықаралық опера және балет өнерінің фестивалі  2012 жылдың 20-24 маусымы аралығында Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында өтеді.  

Massaget.kz фестивальге ақпараттық қолдау көрсетпек.  

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ

Сурет: «Казкоммерцбанк» АҚ баспасөз қызметі

1822 0
Рейтинг: +2

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 14 маусым 2012, 12:38
Пікірлер
+0
14 маусым 2012, 13:16

опера сахнаны қойып базарға шыққан ба....

+0
14 маусым 2012, 15:10

базарда тегін концерт болыпты ғой! :)

+0
14 маусым 2012, 16:05

керемет. кеше тенгриньюстен көріп мәз болдым. мың мәрте лайктауға тұрады! Жәмилаға сатушы киімі жарасып тұр

+0
21 маусым 2012, 19:10

қызық... базардағы концерт

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

ШОКО ƏЛЕМ-5
ШОКО ƏЛЕМ-5

Аждан айдаһар

АҚ КӨЙЛЕК
АҚ КӨЙЛЕК

Күйеу жігіт қалыңдықты құшып тұр, Қалыңдықтың қыпша белі үзіліп.

Димаш атақты ма, Головкин атақты ма?
Димаш атақты ма, Головкин атақты ма?

Бірі – Батысты, бірі – Шығысты мойындатқан, мойындатып жүрген тұлғалар.

ҚАЗІРГІ АУЫЛ
ҚАЗІРГІ АУЫЛ

Ауыл неге өзгеріп кетті?


Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...