«Балаларға бірге қол ұшын берейік» атты мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған шырша өтеді

«Балаларға бірге қол ұшын берейік» атты мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған шырша өтеді

23 желтоқсан - Халықаралық ынтымақтастық күні Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында «Балаларға бірге қол ұшын берейік» атты мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған қайырымдылық мерекелік шырша өтеді, − деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қайырымдылық мерекелік шыршаның мақсаты – мүмкіндігі шектеулі балалар мәселесіне көпшіліктің назарын аударту. Балалар Біріккен Ұлттар ұйымынан сыйлық еншілеп, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры қойылымын тегін тамашалауға мүмкіндік алады.

Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры мерекелік іс-шараның қатысушылары мен журналистерге есігінің ашық екенін хабарлайды. Олай болса, асығыңыз! 

Сурет: Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының баспасөз қызметі

Ф. Абилова