Оқи отырыңыз

Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда!

Автор: Мұқағали Мақатаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Театр / Сахнада "Даланың күйші Динасы"

Сахнада "Даланың күйші Динасы"

Сахнада

Ұлттық өнерді қашанда қадірлеп, жоғары қоятын алаш жұртының назарына жаңа қойылым ұсынылды. Сарыарқа төріндегі елордамыз Астана қаласындағы Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының сахнасында құдіретті күйдің анасы атанған Дина Нұрпейісованың рухына арналған «Даланың күйші Динасы» атты драманың премьерасы өтті.

Бұл дауылпаз күйшінің 151 жылдығына орай жасалған толағай тарту. Халық композиторының өнері мен өміріне арналған төл туындыны көрнекті ақын, ҚР халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың иегері Фариза Оңғарсынова жазған болатын. Қойылымды сахнаға белгілі режиссер Нұрлан Жұманиязов алып шықты.

Ұлы күйшінің өнегелі өмірін суреттейтін қойылымның басты мақсаты - қалың көпшілікті ұлттық мәдениетіміздің мәйегіне айналған тұлға шығармашылығымен жақынырақ таныстыру.

«Даланың күйші Динасы» қойылымы атақты күйшінің өнегелі ғұмырынан сыр шертеді. Оқиға өнердің бабын таба білген күй атасы Құрманғазы мен балғын Дина арасындағы таныстықтан басталады. Қаршадай қыз ұлы сазгерден қасиетті қара домбыраның қыр-сырын үйреніп, атақты күйшінің жолын қуып, өнер әлеміне қадам басады. Бар қиындықтарды артқа тастап, қос ішекті қағып жіберіп, күйді күмбірлете жөнелген жас Динаның көңіл-күйі, бітім-болмысы мен тыныс-тіршілігі бейнеленеді. Ұлы күйшінің ізін жалғастыра отырып, ол күй құдіретінің қолдауының арқасында өз өмірін өнерге арнап, өнегесімен елге кеңінен танылады.

Бойына үлкен қасиет дарыған қазақтың аяулы қызының бойындағы қайсарлық пен жігерлік тамаша қойылымның сахнадан көрінуіне түрткі болды. Оқиғада өнер атты кеменің басын оңайлықпен ұстамаған жанның бар болмысы, күйзелісі, арпалысы, тылсым дүниесі, беймаза өмірі суреттеледі. Кең таралған ұлттық музыкалық аспап қазақтың қара домбырасының төл өнеріміздегі алатын үлкен орны көрсетіледі.

Қойылымдағы басты рөл - Құрманғазы бейнесін ҚР еңбек сіңірген қайраткері, театр әртісі Мейрам Қайсанов сомдады. Ал жасөспірім Динаның рөлін сахнада жас актриса Айнұр Жетпісбаева ойнады. Өз кезегінде ол көзі қарақты көрермен қауымға атақты күйшінің бар болмысын шынайы жеткізе білді. Байғали қарт рөлін актер Жәнібек Мұсаев сомдаса, Динаның анасының бейнесін Қазақстан Жастар Одағының лауреаты, «Ерен Еңбегі үшін» медалінің иегері танымал театр және кино әртісі Майра Омар сомдады. «Даланың күйші Динасы» қойылымы өскелең ұрпақ санасына өткен ата-баба салған сара жолды жалғастыруға, оны тереңірек ұғыныға жол береді.

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ

Суреттер: Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының баспасөз қызметі

1838 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 13 маусым 2012, 13:09
Пікірлер
+0
13 маусым 2012, 15:56

Алматыда қашан қойылады екен?

+0
14 маусым 2012, 15:18

Сәлеметсіз бе, Еркебұлан. Сізге жауап беру үшін зорға деп тіркелдім ғой ))) бұрынғы тіркелгенімнің кілт сөзін ұмытып қалыппын. ))) "Даланың күйші Динасы" спектаклі Мемлекеттік тапсырыс арқылы қойылды. Премьерасы 10 маусымда Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Сарапшылар мен көрермендерден, ен бастысы Фариза апамыздың ӨТЕ ЖАҚСЫ деген бағасын алдық!!! Алла бұйыртса, Фариза апамыз бұл қойылымды бір көрсетумен тоқтатпайтын секілді. Әрине солай болғаны бізге де, яғни театрға да жақсы. Соған қарағанда Алматыға да келесі театр маусымында ат басын тіреп қалуымыз ықтимал деген өзімдік болжамыыммен Массагет бетіндегі алғашқы комментімді тоқтатайын.

+0
14 маусым 2012, 15:25

Алматығы келсе, міндетті түрде барамыз

+0
14 маусым 2012, 15:35

Әрине, бір сахнада 3 Дина болады! Бұл қойылым, бұрынғыдан өзгерек!!! Көру керек!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Сіз жарнамалаушысыз
Сіз жарнамалаушысыз

Cіз білесіз бе?! Күн сайын қанша рет жарнама жасайсыз?

Автор: Қара Бала
Қыз деген мэр болушы емес, жар болушы жаратылыс
Қыз деген мэр болушы емес, жар болушы жаратылыс

Қадірлі де әділ снаушы оқырман! Бұл менің толғанысым. Мен ешкімді ренжітіп,...

Ақыл деген қасиет
Ақыл деген қасиет

Менімен жастылар болашақ мамандыққа юристті таңдайды. Өйткені бұл мамандық...

Cізге тән мамандық қандай?
Cізге тән мамандық қандай?

психологиялық тест арқылы өзіңізге тән мамандықты анықтап алыңыз...

Өмір кезеңдері
Өмір кезеңдері

Өткінші өмір...


Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...