Оқи отырыңыз

...Сауат ашумен қатар үйренуге міндетті дисциплина – ақпараттық талғам мен гигиена.

Автор: Айдос Сарым

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Театр / Әлемдегі ең ұзақ театрлық қойылым

Әлемдегі ең ұзақ театрлық қойылым

Әлемдегі ең ұзақ театрлық қойылым

Әлемдегі ең ұзақ театрлық қойылым туралы естігеніңіз бар  ма? Таң қалатын ештеңесі де жоқ! Егер сол спектакльді сізге қойып берсе, бір күн бойы театр сахнасынан көз алмай, орныңыздан тапжылмай отыра алар ма едіңіз? Иә, бір күн бойы!

Театр тарихындағы ең ұзақ спектакль - «Леопольд Блумның бір күні». Бұл қойылымды қазір театр афишаларынан табу мүкін емес. Пьеса 2004 жылы 17 маусымда таңғы 08.00-де басталып, бір күн бойы үздіксіз қойылады да, ертесіне, 18 маусымда  таңғы 08.00-де сахна шымылдығы жабылады. Мұндай театрлық ерлікке Анатолия Васильеваның жетекшілігімен «Драма өнері мекебі» әртістері барды. Қойылым Джеймс Джойстың «Улисс» романы негізінде қойылады.

Джеймс Джойс

Джеймс Джойстың «Улисс» романы

Олар қойылым барысында өз рөлдерінде ойнап қана қоймай, осы шығармадан үзінді оқып та берген. Джойстың романы басқа да заманауи шығармалардан көш ілгері. «Улисс» - тек модернизмнің шыңы ғана емес, әдебиет тарихында әлемді мойындатқан шығарма. Автордың өз елінде, Ирландияда осы романның құрметіне Bloomsday деп аталатын ұлттық мереке тойланады. Оны жергілікті халық әр жыл сайын 16 маусымда атап өтеді. Шығармада Дублин қаласының тұрғыны, қарапайым жан  - Леопольд Блумның өмірінен бір күн баяндалады. Роман желісі бойынша, кейіпкер сейіл құру мақсатымен өз туған қаласына аттанады. Жолшыбай өзінің түрлі таныстарына және бұрын-соңды көз көрмеген бейтаныс жандарға кезігеді. Солардың арасында оқиға өрби береді. Қарап тұрсаң, бұл сейілдеудің ауыз толтырып айтарлықтай ештеңесі де жоқ. Бірақ шығарма кейіпкердің ойын әсем суреттеуге құрылған. Ол жан-жағында болып жатқан жағдайларды әртүрлі әдеби, тарихи, философиялық көрсетілімдермен жалғап отырады. Сондықтан да әртістердің алдында қиын белестің болғаны айқын. Олар тек өз қаhармандарын алып шығуға ғана тырысқан жоқ, шығарманың астарында не жатқанын және оның айтпағы тым тереңде екенін көрерменге жеткізуге ұмтылды. «Леопольд Блумның бір күні» қойлымындағы әрекет театрда қойылғанымен, ол тек бір сахнамен ғана шектеліп қалмады. Бумның ролін  Александр Огарев сомдады. Қойылымда жүзге жуық әртіс өнер көрсеткен. Олардың ішінде әншілер, музыканттар және театр машықтанушылары да бар. Сол күні театрдың барлық сахналық алаңдары мен әртістерге грим жасайтын бөлмесі мен кулисаға дейін қолданылған. Анатолия Васильеваның жетекшілігімен жұмыс жасайтын «Театр өнері мекебі» үнемі ерекше сарындағы алдыңғы қатарда жүретін қойлымдарды сахналайды. Солардың ішінде Достоевскийдің «Қылмыс пен жазасы» да бар.

 

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

 

Суреттер: samogo.net, kk.wikipedia.org, abai.kz

4243 6
Рейтинг: +1

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 28 мамыр 2012, 18:57
Пікірлер
+0
28 мамыр 2012, 17:56

мүмкін емес :roll:

+0
28 мамыр 2012, 21:36

Алматыда қайбір жылы тақырыбы "Төртеу түгел болса" атты 8 сағат бойы көрермен назарына Айтыс берілген болатын. Сонда жиналған халық антрактқа берілген 30 минуттың 10 минутын ғана пайдаланып, орындарына жайғасып алып, әрі қарай айтыстың жалғастыруын "шапалақпен" талап еткен болатын. Сондағы Бекболат (Тілеуханов) ағаның айтқаны: "Италиядағы Ла-Скала" тетарында әлемдегі ең үзақ қойылым пәленше* (есімнен шығып тұр, сол айтыстың жартысына жуықтай етін) сағаттық рекордты жаңартқан жаңа рекордтық айтыс болды бұл",- дегені бар-тын.

+0
29 мамыр 2012, 11:49

сіз өзіңіз де көрермені болдыңыз ба сол айтыстың?

+0
29 мамыр 2012, 15:24

:) әрине

+0
29 мамыр 2012, 10:44

Осы қойылымды маған қойып берсе отыра берер едім... :roll:

+0
29 мамыр 2012, 11:50

бір күн болса отырып емес, жақсылап жайғасып ап, жатып көру керек қой :lol: ... шәй ішіп... :D

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Димаш Құдайбергенов – қазіргі Қазақстан шоу-бизнесінің революционері
Димаш Құдайбергенов – қазіргі Қазақстан шоу-бизнесінің революционері

Димаш Құдайбергеновтың миллиардтар мекендеген аспан асты елінде бәрінен бәсі...

Табысқа жетудің сыры неде?
Табысқа жетудің сыры неде?

Әрбіреуіміз өз қалаған салаларымызда табысқа жету үшін не істеуіміз керек?

Автор: Амине Қадыр
Енді не болмақ
Енді не болмақ

«Адал еңбек, ақ пейіл, мейірім жоқ – Осы болар таза ақыл өлді демек»- деген екен...


Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...