Оқи отырыңыз

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Театр / "Балкон" - қиял-елеске толы романтикалық қойылым

"Балкон" - қиял-елеске толы романтикалық қойылым

Ғабит Мүсрепов атындағы жасөспірімдер мен балалар театры 65-маусымында көрермен қауымға «Балкон» қойылымын тарту еткен еді. Романтикалық иллюзия режиссері белгілі актер, ҚР еңбек сіңірген әртісі, режиссер Сағызбай Қарабалин. Сценарийін Ермек Аманшаев жазған.

«Балкон» қойылымында оң жақта отырып қалған жалғыз басты орта жастағы әйел азаматының тағдыры бейнеленеді. Ол аядай ғана пәтерде өзі жалғыз тұрады. Оның жаны таза, жүрегі нәзік. Ғұмыр бойы бақытына себепші болар шапағат сәулесін аңдумен болады. Бағы жанып, шаттыққа кенелетініне ол іштей сенімді. Жұмыр басты пенде жанына демеу, серік әрі қорған болатын жанды күтуде.


Бір күні ол күтпеген жағдайға тап болады. Жұмысынан үйіне оралған ол балконында әлдекімдердің жүргенін көреді. Бейтаныс жандар болса, арам судан дәм татып, көше бойымен ән сала келе жатып, жаңбыр астында қалады. Жауыннан қорғану мақсатымен үш сері үй иесінің балконын паналай тұруды жөн санайды. Күтпеген қонақтарды көрген басты кейіпкер үрейленіп, полиция қызметіне хабарласады. Айқайға басып, тапаншасын үш жігітке қарай оқтайды. Арам ойлары жоқ олар өздерін еркін ұстап, майда тілдерімен үй иесін әңгімеге тартады. Көсіле сөйлеп отырған бейтаныс қонақтармен қалай әңгіме-дүкен құрып, оларға бой үйретіп кеткенін үй иесі де сезбей қалады. Әсіресе, үш жігіттің ішіндегі Режиссердің сөздеріне құлақ түріп, оған қалай жүрегінің жібігенін аңғармай қалады. Күтпеген жерден пайда болған сері достарымен бірге полиция келгенде ғайып болып кетеді. Басты кейіпкер алдамшы сезім арбауында қалады. Тіпті, жақын құрбысы таныстырған жігітке еш сезімі болмай, оған көңілі тартпайды. Ол сол қиялындағы ер-азаматты іздеумен болады. Оны түсінде көреді.

Режиссер Сағызбай Қарабалин қойылымдағы әр кейіпкердің болмыс-бітімін зерттеп, олардың әрқайсысының көрермен көңілінен шығуын көздегенін байқау болады. Сондай-ақ, режиссер көрермендермен бірге қоғамда орын алып жатқан бірқатар жағдайлардың шешімін табуға тырысады.

Қойылымда бой көрсететін бес әртістің қылықтарын көріп, адам өміріндегі қиял-елестердің қаншалықты нанымды екеніне түсінуге болады. Шынайы махаббат өмірде болса, оған селқос қарауға болмайтындығын көрсетеді. Ал болмаған жағдайда адам баласы қиял, иллюзиямен ғұмыр кешеді.


«Балкон» - кез келген жастағы қырағы көзді көрерменнің жүрегіне жол таба алатын қойылым. Ол адам бойындағы сан сұрақтарға жауап іздеуге жол береді. 

Суреттер: teatr-musrepov.kz

2816 2
Рейтинг: +4

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 16 мамыр 2012, 13:51
Пікірлер
+0
16 мамыр 2012, 15:33

мынаны көру керек сияқты міндетті түрде

+0
16 мамыр 2012, 20:03

Осы Балконды көру керек шынында дұрыстап, бір рет барамыз деп өзіміз балконында қалып қойдық. Барсақ бітіп жатыр :D

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Сын түзелмей мін түзелмейді
Сын түзелмей мін түзелмейді

Сын қабылдай аласыз ба?

Соңғы қоңырау
Соңғы қоңырау

Биік шыңдарды бағындыру үшін келеміз

Ктк арнасының назарына
Ктк арнасының назарына

Қазақ қай кезден жариялылықты хош көрмеген. Бұл нəрсе бүлікке əкеледі деп...

ШОКО ƏЛЕМ-5
ШОКО ƏЛЕМ-5

Аждан айдаһар

АҚ КӨЙЛЕК
АҚ КӨЙЛЕК

Күйеу жігіт қалыңдықты құшып тұр, Қалыңдықтың қыпша белі үзіліп.


Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...