Оқи отырыңыз

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Театр / Астана қаласының "Жастар театры" Алматыда қонақта

Астана қаласының "Жастар театры" Алматыда қонақта

Астана қаласының

22 сәуір күнінен бастап, Астана қаласының «Жастар» театры Алматыдағы М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік драма театрында өнер көрсетуді бастады. Дарынды жас әртістер театр шымылдығын «Ғайыптағы махаббат» атты спектаклімен ашты.

Алматыдағы Т. Жүргенов атындағы Өнер академиясының түлектерiнен  кұралған бұл театрдың өнерде өмір сүріп келе жатқанына 5-ақ жылдың көлемі болса да, бірталай асуды бағындырып үлгерді. Жастар театры 2007 жылдың 6 шілдесінде құрылып,  ең алғаш рет «Шыңғысхан» спектаклін сахналаған болатын.

Театр ұжымы өте талантты адамдардан құралған. Олар, театрдың режиссерi Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген қайраткерi Нұрқанат Жақыпбай, көркемдiк жетекшiсi Халық әртiсi Тiлектес Мейрамов және театрдың директоры Жастар сыйлығының лауреаты, танымал актер Ғани Құлжанов және тағы басқалар.

«Жастар» театрының басқа театрлардан ерекшелігі  -  халық жадында сақталған көне жауhарларымызды әлі де жаңғыртып, оны жастарға тез өтімді ету үшін фольклорлы мюзикл жасап, пластикамен көрсетеді. Басқа да театрларда сахналанып келген  «Қозы Көрпеш- Баян сұлу» пьесасына мюзикл жасаған  да осы «Жастар» театры.

Осы уақытқа дейін талай театрларда сахналанған «Кармен» бұл театрдың да репертуарында бар. Бірақ мүлдем өзгеше бағытта қойылады. "Ревизор", "Махаббат миниатюрасы" және т.б қойылымдарды сахналап жүрген театр әртістері жалындаған жастық шабытқа ие. Өмірде болған әр оқиғаны өз көңілдерінің сүзгісінен өткізіп, сахнаның киесін ерекше сезінеді. Олар саханда өмір сүреді. Өйткені олар өнерді сүйеді.

Бір аптаға жуық қонақ болатын бұл театр ұжымының өнерін бағалап, қонақжайлық танытайық. М. Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма театрында өнерін паш етіп жатқан "Жастар" театры қойылымдарының құрметті көрермені болуға асығайық.

 

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

3794 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 25 сәуір 2012, 14:01
Пікірлер
+0
25 сәуір 2012, 12:05

Тамаша. Астанада жастар театры бар екенін енді біліп жатырмын...

+0
25 сәуір 2012, 12:14

Мюзикл қойса барып көру керек екен.

+0
25 сәуір 2012, 13:35

Керемет ұжым....Керекуге тағы келсе ғой..))

+0
26 сәуір 2012, 10:22

бүгін "Ревизорды" қояды

+0
05 мамыр 2012, 18:12

Мен осы театрдың "Қозы Көрпеш - Баян Сұлу" сосын тағы 1 спектакльіне бардым Атын ұмытып тұрмын. Мәңгүрт туралы. Жылатты ғой мені бұлар Атырауға келіп

+0
06 мамыр 2012, 16:30

Ғани красавчик

+0
29 қараша 2013, 09:09

ұнамайд маған :D

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Ктк арнасының назарына
Ктк арнасының назарына

Қазақ қай кезден жариялылықты хош көрмеген. Бұл нəрсе бүлікке əкеледі деп...

ШОКО ƏЛЕМ-5
ШОКО ƏЛЕМ-5

Аждан айдаһар

АҚ КӨЙЛЕК
АҚ КӨЙЛЕК

Күйеу жігіт қалыңдықты құшып тұр, Қалыңдықтың қыпша белі үзіліп.

"Димаш атақты ма, Головкин атақты ма?"

Бірі – Батысты, бірі – Шығысты мойындатқан, мойындатып жүрген тұлғалар.


Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...