Оқи отырыңыз

...театр деген нәрсе ермек емес, көңіл көтеру де емес, ол – үлгі, ол – тәрбие, өнер орны.

Автор: Ж.Аймауытов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Театр / "Біз" студенттер театры "Миллион раушан гүл" атты мелодрамалық қойылымының тұсауын кесті

"Біз" студенттер театры "Миллион раушан гүл" атты мелодрамалық қойылымының тұсауын кесті

14 сәуір Ө. А. Жолдасбеков атындағы сутденттер сарайы алдында күндіз дүркіреп тұрып наурызға арналған іс-шара өтті де, кешке сағат 18.00-де осы сарайдың  үлкен залында университеттің "Біз" студенттер театры кезекті жаңа "Миллион раушан гүл" атты мелодрамалық қойылымның тұсауын кесті. 2006 жылы құрылған театр 2007 жылы сәуірдің 4-де "Адаспаңдар!" атты қойылыммен тұсауын кескен болатын. Содан бері тәй-тәй басып "Той", "Кешіріңіз, сізді ажал күтіп тұр!", "Бағдаршам" және "Ол көктем оралмайды" атты қойылымдарды сахналап үлгерді.  Жақында ғана алты жасқа толған жап-жас театр алтыншы спектаклін дүниеге әкелді. Бұл жолы да жылдағыдай театр сүйер жастар залды толтырып, жылдағыдай әсер алып, жылдағыдай  ерекше көңіл-күймен тарасты. Театр студенттері өздері жазған қойылымын тамаша дайындықпен сахналады. Режиссер Ғалымжан Сайлаубековтың  аянбай еткен еңбегінің жемісі де, жеңісі де көрінді. Қойылымның басты идеясы - махаббаттың ағы мен қарасын анықтау. Сахнадан  көрермен адал махаббатты да, баянсыз махаббатты да көре алды.

 

Сахнадағы көріністер ХIV- XV ғасырдағы Еуропаның тұрмыс-тіршілігінен алынған. Сезімнің сергелдеңіне түскен суретші жігіт әртіс қызға ғашық болып, оның арманындағы гүлдің суретін салып шығады. Гүлдің бейнесін әртіс қыздың өзі баяндап бергеніндей етіп  шығару үшін қолын тіліп қанмен салады.

Бұл туындысымен әртіс қыз - Розаның көңілінен шыққанымен, ол енді гүлдің тірі болғанын қалайды да, суретті қабылдамай қояды.

Салы суға кеткен суретші екі ғасырға жуық өмір сүрген мыстанға жолығып, гүлді тірілтудің жолын сұрайды.

Мыстаннның сиқырымын ғұмырын гүлге айналдырып, гүл болып әртіс қыздың қолына жетуге келісімін береді. Бір тал раушан гүлдің кейпіне енген суретші бәрібір сүйгенінің қолына жетпейді. Өйткені бұл уақытта әртіс қыз  - Роза кароль сарайында өнер көрсетуге біржола кетіп қалады. Тым кеш... Гүл суретшінің бояу езуші көмекшісі - Луизаның қолында қалады.

Бұл арқылы театр студенттері пәк махаббаттың жеңіске жететінін айтқысы келген болар. Өйткені Луиза қожайынына сырттай ғашық еді. Сезімін іште көмкеріп келген бояу езуші қыз гүлге айналып кеткен суретшіні қолына алып бар сырын ақтарып, көз жасын көлдетеді. Бірақ ендігі бәрі де кеш...

Қойылым мелодрамалық жанрда болғанымен, траго-комедиялық сарыны да байқалып тұрды. Көрерменін бірде түрлі әрекеттермен күлдіріп отырса, енді бірде Луизаның ішкі назы арқылы жылатып отырды. Әртістер кәсіби білім алмаса да, қойылымды жоғары деңгейде алып шығып, айтқысы келгенін көрерменнің түйсігіне жеткізе алды деп ойлаймыз.

(Ортада -  режиссер Ғалымжан Сайлаубеков)

Кеш соңында университеттің әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Шолпан Ерболқызы сөз алып, режиссер Ғалымжан Сайлаубековке ерекше алғысын білдіріп, филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің деканы Қансейіт Әбдезұлына алғыс хат тапсырды. Себебі теар студенттерінің сексен пайызын болашақ филологтар құрайды. Ал көрермендер театрдан алған әсерлерін жасыра алмай, көз жасын сүрткен күйі "миллион аллых роз" әнімен ыңылдап тарасып жатты.

Суреттер ҚазҰУ-дың сурет қорынан алынды

3570 13
Рейтинг: +5

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 18 сәуір 2012, 14:30
Пікірлер
+0
18 сәуір 2012, 15:26

Басты суретте тұрған өзіміздің Ақерке Әбілхан. :) Құтты болсын қадамдарың! Жатақханада тұрған кезде, осы театрдың қойылымын көрген едім "Ол көктем оралмайды" деген... Арман Серіковтер ойнады. Менің жан құрдасым Арман Серіков. Сол кезде үлкен әсермен оралдық...Кейбір үлкен театрлар бере алмаған әсерді бергені үшін "Біз" театрынан қимай-қимай шыққан едік. Осы қойылымына бармасам да, қандай дәрежеде өткенін шамалап тұрмын. Алға, ҚазҰУ студенттері :)

+0
18 сәуір 2012, 15:50

мен жылааап отырмын ғой :lol:

+0
18 сәуір 2012, 16:39

Тамаша! Жарайсыңдар, студент жолдастар!

+0
18 сәуір 2012, 20:15

рахмееееееееет

+0
18 сәуір 2012, 16:49

Әртіс болмаса да олардан бір кем түспей ойнап шыққан замандастарыма риза болып қайттым. Шырақтарың сөнбесін!

+0
18 сәуір 2012, 17:09

Аталар сияқты сөйлеп кеттің ғой :lol:

+0
19 сәуір 2012, 08:29

О! Тоба! Қой, түге! Құданың құдіреті деген! 22-демін!

+0
18 сәуір 2012, 20:14

Аумин! рахмет сізге

+0
18 сәуір 2012, 17:11

Керемет!

+0
18 сәуір 2012, 23:17

Керемет екен, қатты қызығамын студенттердің қатысуымен болатын осындай қойылымдарына.

+0
21 сәуір 2012, 15:11

рахмет

+0
23 сәуір 2012, 22:32

Шапалақ,қолпаштау,гүл,сахна
Қона бермес бақыт бұл көрінгенің басына-,демекші "БІЗ" студенттер театрының әртістері бұл қойылымнан кейін халықтың ыстық ықыласына,қошемет-құрметіне бөленгені ақиқат.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

"Том Сойермен балалық шаққа..."

Марк Твеннің таңдаулы туындылары

Автор: Nazym Samet
Жетінші аптаның үздік блогы
Жетінші аптаның үздік блогы

Демалыс кезінде блог жазуға да уақыт тапқан оқырмандарымызға алғыс айтамыз

"Мен өзінді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем!.."

. Әлемде миллиондаған аналар бар. Олардың әрқайсысы ерекше, әрі қайталанбайтын...

Мен мақтан тұтамын!
Мен мақтан тұтамын!

“Дарын – армандардың орындалатын құт мекені” деймін.

Егер мен жазушы болсам...
Егер мен жазушы болсам...

Егер мен жазушы болсам, "Махаббат, қызық мол жылдар" романының шешімі қандай...

Төрт алынған екі
Төрт алынған екі

Төрт алынған екі деген есепке төрт деп жазғаным себепті, мұғалімнен екі күн сын...

Автор: Естен Ербол

Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...