Оқи отырыңыз

Өзіңді өз бойыңнан биікпін деп ойламау да – биіктік.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Театр / Мұхтар Әуезов атындағы театр - ұлы өнер ордасы

Мұхтар Әуезов атындағы театр - ұлы өнер ордасы

Мұхтар Әуезов атындағы театр - ұлы өнер ордасы

Сағат 18.30. Абай көшесі бойынан ойып тұрып орын тепкен  Ұлы ғимараттың алды адамдарға лық толы. Үнемі осылай. Халқына ауыз толтырып айтарлықтай жасаған  еңбегімен есте қалған Ұлы тұлға отыр ескерткіш боп..

Иә, өзіңіз де сезіп тұрған боларсыз. Бұл  - М.Әуезов атындағы академиялық драма театры ғимаратының алды. Көрерменін көп  ұзатпай-ақ жап-жаңа қойылымдармен  сүйіншілеп отыратын театр нағыз рухани байлықтың қайнар көзі. Бірі өзінің сүйікті қойылымының көрермені болып келсе, бірі жаңа премераның тұсауын кеспекке келген. Енді бірі әлдебір қойылымнан шабыт алмаққа келсе, бірі кейіпкерлермен бірге тыныстап, сахна иісін жұтпаққа келген. Осындай ерекше сағынышпен, айрықша аңсаумен келіп, театр табалдырығын аттайтын көрерменіне ой салатындай тамаша қойылым ұсынбақ ниетте театр ұжымы ерен еңбек етеді.

Театр. Зал. Орындықтар. Мұның өзі театрсүйер халық үшін тым ыстық. Жанына рухани байлық іздеп келген әрбір жан сахна шымылдығы  ашылғаннан-ақ тына қалады. Өйткені олардың да жүректеріндегі өнерге деген көңіл перделері түріледі. Қойылым басталысымен, әртістердің жай-күйін зерттеп, олармен қатар тыныстайды. Олармен қосыла жылайды, олармен қосылай шаттанады. Себебі олар сахнада әртістермен бірге өмір кешеді.

Талай жылғы тарихы бар театрды құрметтейтін халық кезекті қойылымның тез аяқталып қалғанын қаламайды. Өйткені өнердің өресінде рухани гүлденген бұл ортаның киесі бар. Бірталай  заманнан уақыт еншілеген  кәрі сахнада талай нар тұлғалардың ізі жатыр емес пе?!.

Қойылым соңына жетеді. Шамамен алғанда, екі сағаттай сахна-ғұмырда  өмір сүрген әртістер ел алдына шығып иілуде. Қолпаштау! Гүл! Адамның ойлау мен сезу жүйесіне айтарлықтай әсер етсе, театрдың мақсаты орындалды емес пе?! Өнерді ерекше қадірлейтін жандар күн сайын Мұхтар Әуезов атындағы бұл өнер ордасын шапалақ пен қолпаштауға толтырады. Қойылым қойып, одан әртіс рахат алса, оны көріп халық қайраттанады. Әттең, шымылдық жабылды. Қазір ғана көз алдынан жүріп өткен көріністерін театр қабырғасында қалдырмастан, сол әсермен сыртқа шығады халық. Иә, сахна шымылдығы жабылды, бірақ жүректегі ұлы өнерге деген құрметтің ақ шымылдығы ешқашан жабылмайды. Сыртқа шыққан көрермен ғимараттың дәл алдында жайғасқан Мұхтар Әуезов бейнесіне бас иіп, тарасады. Бұл тек Әуезовке ғана емес, өнерге бас ию. Тас мүсінді тау тұлға да құр қарап отырмастан :«Ертең де келіңдер, халқым! Нағыз өнерден рухани қазына жинаңдар!»-деп жатқандай көрінеді.

Келесі күн. Тағы да театр алды адамдарға лық толы. Себебі кеше Әуезов шығарып салып жатып, халқын қайта шақырған...

 

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: thenews.kz, egemen.kz

4338 0
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 10 сәуір 2012, 12:26
Пікірлер
+0
11 сәуір 2012, 12:31

Мен кеше ғана барып қайттым! Өзім көптен бері көргім келіп жүрген "Аршын мал алан"-деген қойылымды сіңлім екеуміз тамашалап қайттық. Басқа елдің салт-дәстүрі, сөйлеу мәнері, өнері сомдалған. Басты рөлдерде: Ерлан Біләл мен Дария Жүсіп ойнайды. Маған ұнады!

+0
16 сәуір 2012, 18:19

иә, "Аршын мал алан "керемет қойылым. Қалаға келгелі көрген алғашқы спектаклім

+0
11 сәуір 2012, 19:08

Киелі орын...

+0
16 сәуір 2012, 18:37

көп болды бармағалы, ЕНТ біткесін театрдан шықпай қоймасам... :D

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры: мелодрама Аударма: Мақсат Мәліков Дыбыстаған:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...