Оқи отырыңыз

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Театр / «Мәңгілік бала бейне» - қасіретке толы шығарма

«Мәңгілік бала бейне» - қасіретке толы шығарма

«Мәңгілік бала бейне» - қасіретке толы шығарма

Талай көрерменнің көңілін босатып, жүрегін жылатқан «Мәңгілік бала бейне» пьесасы бүл күнде театрдан да, кинематография саласынан да орын алды. Жазушы-драматург Роза Мұқанованың жұмбаққа толы шығармасын білмейтіндер кемде-кем шығар.

1996 жылы пьеса алғаш рет Қазақтың Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театрының сахнасында қойылды. Режиссер Болат Атабаев қойған «Мәңгілік бала бейне» пьесасы әлі күнге дейін үлкен аншлагпен өтеді. Қойылымды бір емес, бірнеше мәрте тамашалаған жанның өзі спектакль соңында көзіне жас ала отырып, тәубесіне келеді.

«Мәңгілік бала бейне» - күллі қазақ жұртының ауыр қайғысы мен мұңын жамылған шығарма. Ядролық сынақтардың зардабынан мүгедек болған Ләйлә қыздың өмірі сипатталады. Оның туған жері Қарауылдың ащы болмысы мен әлеуметтік жай-күйі бейнеленеді. Ләйлә атомның әсерінен емес, адам баласының ісінен өз өмірімен қоштасады. Қоғамның лас әрекетіне шыдамаған Ләйләмен бірге оның Қарауылы, рухы, ұлты өледі.

Мұңға толы шығарма негізінде қазақ киносының қоржыны тағы бір фильммен толықты. 2002 жылы белгілі режиссер Сатыбалды Нарымбетов экранға «Қызжылаған» фильмін шығарады. Жарыққа шыққан бойда фильм кеңінен танылып, халықаралық байқаулар мен фестивальдердің жүлдегері атанып, үздіктердің қатарынан көрінді.

Ләйләнің денесі кем болса да, оның жүрегі кең. Ләйлә - жаны тазы, көкірегі көркемдікке құштар жан. Театрдағы Ләйлә бейнесін Данагүл Темірсұлтанова сомдаса, кинодағы бейнесін Аянат Есмағамбетова сомдаған болатын.

Шығарма авторы Роза Мұқанованың айтуы бойынша, Ләйлә бейнесі өмірден алынған. Ол - Семей полигонының құрбаны болған жан. Бір күні Семей өлкесінде туылып, мүгедек болған жандардың суреттері қойылған фотокөрмені аралап жүреді. Қасірет пен мұңға толы аналар мен балалар бейнесінің арасынан Роза Мұқанованың назары бір кішкентай қыздың суретіне түседі. Шамамен, 5-6 жастағы бүлдіршін қыздың көзінен үлкен қасіретті көруге болатындай. Суретке жақындай бергенде, жазушы «Еңлік. Оның жасы 14-те» деген астындағы жазуды оқиды. Түр-әлпеті жас баладай, ал аяқ-қолы өскен қыз жүзі мәңгілік бала бейнені сақтап қалған. Мүгедек қыздың жанары қатты әсер еткені соншалықты, Роза Мұқанова үлкен шығарманы дүниеге әкелді.

Театр сахнасындағы қойылымның да, фильмнің де әлі күнге дейін танымалдылығы жоғары. Өте сәтті әрі табысты шығарма. «Мәңгілік бала бейне» - атом сынақтардан зардап шеккен полигон құрбандарының ғана өмірін емес, күллі адамзаттың қасіретін бейнелейтін шығарма.

Суреттер: writers.kz, kino-teatr.kz

15719 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 06 сәуір 2012, 16:26
Пікірлер
+0
06 сәуір 2012, 18:08

қойылымға бару керек екен!

+0
06 сәуір 2012, 19:02

Данагүл ойнаған кезіндегісін көргенмін..ешкімге көрсетпей бір жылап алғанбыз...

+0
09 сәуір 2012, 10:44

Осы қойылымға мәдениеттанудан сабақ баретін ағайымыз "қинап" апарып еді.Керемет әсер етті.Семей полигоны десе Олжас Сүлейменовты де еске алып,рахмет айтқанымыз жөн шығар.......

+0
11 сәуір 2012, 12:23

Мен алғаш Алматыға келгенде, Нағашы жеңгем мен нағашы әпкем екеуі мені осы қойлымға алып барған. Ол кезде мен 8-сыныпта оқитынмын. "Мәңгілік бала бейне" қойылымы мені театрға ғашық қылды. Қатты әсер алдым. Содан бері Мұхтар Әуезов театрының тұрақты көрерменімін.

+0
11 сәуір 2012, 12:26

Алғаш рет осы қойылымды 6-сыныпта оқып жүргенде көрдім. Өте қатты әсер алдым. Ләйләнің аймен бірге тілдесетін монологын жаттап алып, айтып жүретінмін. Араға біраз уақыт салып, қойылымды қайта қарадым. Керемет! Бұл жолы мүлдем басқа әсер етті. Негізі, спектакльдерді жиі-жиі қарап қою керек.

+0
12 сәуір 2012, 18:33

Қойылымға бір сағат бұрын барып билет алмақшы болғанбыз.Сөйтсек билет қалмапты :( Соңында бір апайдан 700 тг ге сатып алып кірдік көруге.Зал лық толы.Адам көп.Басты рөлде Данагүл ойнады.Өте әсерлі әрі керемет қойылым болды.

+0
19 сәуір 2012, 18:30

ия оте керемет койылым болган))) ойга теренинен салатын койылым десе де болады)))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Ктк арнасының назарына
Ктк арнасының назарына

Қазақ қай кезден жариялылықты хош көрмеген. Бұл нəрсе бүлікке əкеледі деп...

ШОКО ƏЛЕМ-5
ШОКО ƏЛЕМ-5

Аждан айдаһар

АҚ КӨЙЛЕК
АҚ КӨЙЛЕК

Күйеу жігіт қалыңдықты құшып тұр, Қалыңдықтың қыпша белі үзіліп.

"Димаш атақты ма, Головкин атақты ма?"

Бірі – Батысты, бірі – Шығысты мойындатқан, мойындатып жүрген тұлғалар.


Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...