Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Театр / Қазақ сахнасында – Пушкин ертегісі

Қазақ сахнасында – Пушкин ертегісі

Қазақ сахнасында – Пушкин ертегісі

Театр сыншыларының арасында «Пушкин шығармалары сахнаға сай емес» деген аңыз бар көрінеді. Белгілі театр сыншысы Бағыбек Құндақбайұлының «Театр туралы толғаныстар» еңбегінен «Пушкин шығармалары Станиславский, Ленский сияқты ұлы шеберлерге де оңай түспеген» дегенін оқып едім. Әйткенмен жоғарыдағы аңызды біраз режисер жоққа шығарды. Қазақстан Республикасының Халық әртісі, Қазақстан Ленин Комсомолы сыйлығының лауреаты, Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар және жасөспірімдер театрының директоры Талғат Теменов те Пушкиннің ертегісін қазақ сахнасына алып келді. Ертегінің желісіне сай мәтін жазып, оны сахналаған режисердің еңбегі 29-30-31 мамыр күндері Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар және жасөспірімдер театрында таныстырылды. Тұсауы кесілген жаңа спектакльге музыкалық комедия деп айдар тағыпты. Ертегі деген аты болмаса, жасқа бөле-жармайтын спектакльдің ашылуына жас та, кәрі де ағылды.  «Теменовтың көктемде шығатын жаңа спектакліне би қимылдарын қою үшін орыстың «Новая опера» театрының балетмейстері Иван Фадеев шақырылыпты» деп қыс шығысымен-ақ хабарлағандардың бірі - біз едік. «Шығыс сазы» сахнаға шықпай жатып, «Жақсы кісінің» тұсауы кесіліп үлгерді. Әйтеуір араға үш ай салып, жастар театрының сахнасына «Шығыс хикасы» шықты. Әйткенмен қойылым біз күткен үш айды толықтай дерлік ақтап алды.

Шымылдық ашылғаннан көз алдымызда сәулеті келіскен сарай пайда болып, құлағымызға шығыс сазы келді. Спектакльдің атын естігеннен-ақ осындай декорацияны өзіміз де елестетіп қойғанбыз. Ертегі болғасын «Бір баяғыдасыз» болушы ма еді? Оқиғаның жай-жапсарын түсіндіріп, сахнада ертегіні бяндаушы әңгімесін бастады. Ертегінің өзгелерден өзгешелігі көп емес. Басқа ертегілер секілді «Шығыс хикаясы» да жағымсыз кейіпкердің дегенін болғызбай, жағымды кейіпкерді «мақсат-мұратына» жеткізеді. Бірақ біздің көргеніміз – сахналық қойылым, ал оның авторы – қоюшы режисер. Сондықтан ертегі жайлы емес, спектакль жайлы сөйлесек деп отырмыз.  

Сұлтан қара халықтың арасына жай қарапайым адам болып еніп, олардың патшаға деген пейілін білгісі келеді. Сөйтіп жүріп үш қыздың ішінен "Мен сұлтанның жары болсам, оған бала туып берер ем" деген арманы бар аруға көңілі ауып, оны әйелдікке алады. Мұны көре алмаған аспаз қыз бен кілем тоқушы апалары қалай да "бағы жанған" патшайымның бақытына балта шаппақ болады. Сұлтан соғысқа кеткенде, патшайым дүниеге шекесі торсықтай ұл әкеледі. Жақсы жаңалықтан сүйінші сұрамақ боп түздегі сұлтанға хат жолдайды. Бірақ пошташы әлгі екі күндеске жолығып, соларға алданып қалады. Сөйтіп оның қоржынына дұшпан қыздар басқа хатты салып жібереді. Ол хатта патшайымның дүниеге құбыжық бала әкелгені жайлы жалған хабар жазылған еді. Мұны естіп ашуға мінген сұлтан баланы ешкімге көрсетпей, өзі келгенше сырт көзден жырақ ұстауды тапсырып пошташыны елге қайтарады. Алаңғасар пошташы жолай тағы сұлуларға алданып, тағы да басқа хатты сарайға әкеледі. Хатты дауыстап бүкіл елге жария етіп оқыған сұлтанның уәзірлері ондағы жазылған дүниеге қайран қалады. Ауысып келген хатта ойнас жасап туған бала мен патшайымды теңізге ағызып жіберу бұйырылған болатын. Уәзірлер сұлтанның жарлығын екі етпей мыстан кемпірді шақыртып бала мен оның анасын бөшкеге салып теңізге лақтырып жіберуді тапсырады. Мұны түсінбеген патшайым өзінің қандай жазығы бар екенін білмей дал болады. Әйткенмен мыстан кемпір олардың орнынан теңізге үлкен тасты лақтырып, өздерін ас-суларын қамдап бөшкеге салып теңізге жібереді. Біраз жыл бойы теңізде күн кешкен патшайымның ұлы өсіп, анасынан бұл халге түсу себебін сұрап алады. Теңізде жас ханзада аққу қызбен тілдеседі. Аққу қыз ана мен балаға жақын маңдағы аралға жетіп алуға кеңес береді. Аралға жетісімен ондағы басшысыз халық оны өздерінің сұлтаны етіп сайлайды. Уақыт өте ол өз әкесін тауып, аққу қызға деген махаббатының арқасында оны адам қалпына әкеледі де, үйленеді. Міне, осылайша тағы бр ертегі сәтті аяқталып, жақсылар мақсат-мұратына жетеді.

Кейіпкерлердің аузына салып берген мәтіннен қате іздегіміз келмеді. Бірақ ондай қателер құлағымызды жиі қытықтап отырды. Біраз сөздер ұйқас қуып, мағынасынан ажырап қалыпты. Өлең үлгісінде жазылған сценарийдегі кейбір сөздер жолынан ауытқып кеткені де рас.

Фадеевтың қазақ театрының актерлеріне қойып беріп жатқан биін көруге мен де барғанмын. Сонда атақты балетмейстердің сабағына өзімше разы болып қайтып едім. Мені спектакльді көруге асықтырған да осы еді. «Карменнің» би көріністері үшін Талғат ағамен жұмыс жасаған балетмейстер бұл жолы да актерлерге ерекше би үйретіпті. Шығыс биі десе, көз алдымызға жартылай жалаңаш қыздың бұлаңдаған аш белі келетіні рас. Бірақ «Шығыс хикаясындағы» бишілерге орыс балетмейстері мүлде өзгеше қимылдарды қойып беріпті. Бұрын біз осы уақытқа дейін шығыс биін билейтін тек қыпша бел арулардың өнерін ғана тамашалап келсек, бұл жолы сұлулар жұбымен қосылып, бидің түбін түсірді. Әрқайсысы жұп-жұбымен тұрып, біз бұрын-соңды көрмеген би үлгілерін көрсетті. Мұнысы көрерменнің көңілін бір серпілтіп тастады. Сахнадағы шығыс биін үнді киноларындағы би қимылдарына да ұқсатуға болады. Әйтеуір, мен бұрын-соңды еш жерден көрмеген бір-екі шығыс биінің қимылдарына  куә болып қайттым. Сөйттім де, Фадеевке іштей рақмет айттым. Бірақ мұныммен би туралы әңгімеме нүкте қоя алмай отырмын. Өйткені сахнадағы кейбір қыздардың билеуіне көңілім тола қоймады. Шайнап бергенді жұта алмағандар жұтып алғандардың сәнін құртып жүрді. Әп-әдемі биді нақышына келтіріп орындаған Жанар Мақашева мен Динара Әбікееваға разы болдым. Әрине, бәрі де шамасының келгенінше билеген шығар. Бірақ кейбірі белін бұрауға да ерінгендей көрінді бізге.

Патшайымға күндестік танытып жүрген кілем тоқушы мен аспаз қыздың рөлі спектакльді жандырып жібергендай болды. Сөз арасында көрерменің езу тартуына себеп болатындай майда қылықтары мен қимылдары да өздеріне жарасып-ақ тұр. Бұл режисердің қойып бергені ме, әлде өздерінің тапқаны ма, қайдам. Әйтеуір екеуі де өз образдарын өз биігінде аша алды. Аспаз қыздың рөлін Райхан Қалиолдина ойнаса, кілем тоқушыны Лиза Серікова сомдады.

Халық арасында қарапайым адам болып кезіп, жар таңдайтын сұлтанның рөліне екі актер бекітілген. Мен Мақсат Сәбитовтың ойынына куә болдым. Оның рөлін тамашалап болған соң, басқа актерді орнына қойып көргім де келген жоқ. Өйткені Мақсат сұлтанның спектакльдегі мақсатын адал орындап шықты. Ол сахнада өзін ұмытып, сұлтан болып өмір сүрді. Сонысымен де көрерменге жақты.

Патшайым рөліне таңдалған Гүлбаһрам Байбосынованың ойыны да көңіліме кір келтірмеді. Бірақ оның нәзік даусы кей-кейде естілмей, кей-кейде түсініксіз шығып жатты.

Сонымен қатар спектакльде ірі рөлдерден гөрі бір-екі ауыз ғана сөзі бар майда рөл иелері озып шығып отырды. Соның ішінде айдаһар болып ойнаған Жанар Мақашева мен Анар Әділова, сұлтанның қолбасшысының рөлін сомдаған Әсет Иманғалиев те бар.

Спектакль соңында актерлердің ойыны мен режисердің шеберлігіне тәнті болған көрермен "Тәрбиелік маңызы бар екен" деп тарасып жатты. Мың рет айтқаннан, бір рет көрген артық. Сондықтан театр маусымы жабылғанша, жақсыны көрмекке асығайық, ағайын. 

Автор: Ақерке Әбілхан

Суреттер театрдың мұрағатынан алынды

3624 3
Рейтинг: +1

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 03 маусым 2013, 14:00
Пікірлер
+0
03 маусым 2013, 16:49

осыдан бірнеше ай бұрын, Мүсіреповте жаңа қойылым дайындалып жатқандығын естігем, аты да шақырып тұрды, Фадеевтің келгендігі де қызықтырды, содан 3-4 күн алдын барып билет алып койдым, сонгы кунге) алдын корип койган жігіттер мақтамады, "и негылысын бармай-ақ қой, кәдімгі ертегі ғой" деген сөздерді естідім)) бардым, көрдім, ұнады, Теменовке бас иіп қайттым) "Бізде жақсы қойылым жоқ, актерлер жаман" дей беруді қойып, еңбекпен жасалған қойылымдарды көру керек. Кемшілік жоқ емес бар, тіпті көп! бірақ мен кемшілік іздеуге емес, демалуға бардым, іздегенімді таптым, қойылған билерде кемшілік жетіп артылатындығымен тырысу, жаңалық бар деп айтар едім, Мақсат ағаның ойыны да қатты ұнады! Жалып, барлық қатысушыларға рахмет айтқым келеді!

+0
03 маусым 2013, 18:28

Кемшілік болса, бұл режиссердің қойылымды мінсіз етуге талап қоймағаны да. Егер талап қойса, кез келген нәрсені барынша шыңдап шығаруға болар еді.

+0
04 маусым 2013, 12:35

барып көретін екен

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...