Оқи отырыңыз

Таудың алдында есеп беріп тұрған жөн...

Автор: Есмұхан Обаев

— Редактор бағаны —

Массагет жастарды жұмысқа шақырады
Массагет жастарды жұмысқа шақырады

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Театр / Астананың туған күніне «Сергей Безруковтың театры» келеді

Астананың туған күніне «Сергей Безруковтың театры» келеді

Астананың туған күніне «Сергей Безруковтың театры» келеді

2013 жылы да Арқа төріндегі Астана күні жылдағыдай жоғары деңгейде өтпек. Атаулы мерекеге орай елордада түрлі шаралар мен жиындар жоспарлануда. Астана қаласының тұрғындары мен қала қонақтарын осы күні әр түрлі көрмелер мен концерттер, түрлі фестивальдер мен байқаулар және театрлық қойылымдар тосуда. Сонымен қатар, спорттық шаралар да кезек күтуде.

Астана күнінің он бес жылдығына орай, еліміздің орталығына «Сергей Безруковтың театры» арнайы ат басын бұрады.

Астана қаласының төрінде атақты «Сергей Безруковтың театры» «Сирано де Бержерак» атты Эдмон Ростанның комедиясын сахналамақ. Спектакльде ресейлік танымал кино және театр актерлері өнер көрсететін болады. Шығарма Сирано де Бержерак есімді дарынды француз ақыны әрі драматургының өмірі жайында. Сирано де Бержерак Роксана есімді аруға сырттай ғашық болады. Қаншама жаумен алысып, қаншама жекпе-жектерде жеңіске жетіп жүрген батыр махаббатқа келгенде өте дәрменсіз болады. Сирано өзінің Кристианның атынан ғашығына албырт сезімге толы хат жолдайды. Махаббатқа толы тоқтаусыз хаттар мен сергелдең сезімдер Роксананның жүрегін жібітеді. Оқиға осылайша өрби береді.

Спектакльдің режисері Сергей Безруковтың өзі. Сонымен қатар спектакльдің жетекшілерінің бірі ретінде «Рождестваолық шеру» («Рождественский парад») байқауында «Үздік режисер» атанған Александр Синотов та қойылыммен жұмыс жасайтын болады. Қойылым кезінде комедияға классикалық түрде түсіндірме беріп өтеді.

Спектакльде ойнайтын кино және театр актерлері қазақстандық көрермендерге керемет ойын көрсетпек. Спектакльдегі басты рөлдердің бірін (Роксананың рөлін) сымбатты да сұлу, әрі дарынды ресейлік актриса Елизавета Боярская сомдайтын болады. Ал басты ер адам образын (Сирано де Бержерактың рөлі) ресейлік дарынды актер, режисер Сергей Безруков ойнайды. Олардан өзге спектакльде Сергей Кошонин, Сергей Гамов, Андрей Кравчук, Сергей Сафронов, Регина Щукина, Игорь Копылов, Александр Черкашин және тағы да басқа Ресейдің жарқын жұлдыздары өнер көрсететін болады.

Салтанатты костюмдер, қайталанбас аксессуарлар, мультимедиа, тартымды күрделі көріністер, таңғажайып трюктер мен жұлдызды актерлік топ Астана сахнасының сәнін айналмақ. Бұл шара театрсүйер қауым үшін ғана емес, бүкіл қала тұрғындары мен қонақтары үшін керемет шара болмақ.

Спектакльді 27-28 шілде күндері Конгресс-Холл сахнасынан тамашалайтын боласыздар.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: os.colta.ru 

1330 1
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 30 мамыр 2013, 17:34
Пікірлер
+0
31 мамыр 2013, 09:33

астана күніне әр жыл сайын шетелден әншілерді, артисттерді қыруар ақшаға шақырады.Оданда сол ақшаны жетімдер үйіне немесе мүгедектерге жәрдем берсе болады ғой. Оның үстіне картайған апа әпкелеріміз 62 жаска дейін жұмыс істейді неге сол ақшаны соларға зейнетақыға бермеске,,,мен осы Қазақстанымды түсінбей келемін

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Азандағы мен №2
Азандағы мен №2

"Америкада бұлай, Англияда солай" демей, өзіміздің...

Гормондар ойнайды, лә-лә-лә
Гормондар ойнайды, лә-лә-лә

Адам биология, химия мен физикаға тәуелді... Мойындамай көріңізші

Маған да бір адам керегі анық ...
Маған да бір адам керегі анық ...

Күнделіктен бір жазба ...

Өміріме өрнегін салған - ғаламтор
Өміріме өрнегін салған - ғаламтор

«Ғаламды шырмаған «ғаламтор шырмауынан» шыға алатын шынайы жан бола аламын ба?!»


Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...