Оқи отырыңыз

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / Тағзым / Нұртас Кәкімжанұлы Қазыбаевтың өмір жолы

Нұртас Кәкімжанұлы Қазыбаевтың өмір жолы

Нұртас Кәкімжанұлы Қазыбаевтың өмір жолы

Нұртас Қазыбаев 1958 жылы 27 қыркүйекте қазақстандық белгілі журналист, жазушы және мемлекет қайраткері Кәкімжан Қазыбайұлы Қазыбаевтың отбасында дүниеге келді. Алматы медициналық институтын үздік тәмамдаған соң жолдама бойынша Мәскеу қаласындағы Вишневский атындағы хирургия институтының клиникалық ординатурасына жіберіледі. Онда Нұртас Қазыбаевтың ұстазы кеңес хирургиясының партиархы, академик Виктор Иванович Стручков болды. Диссертациясын қорғағаннан кейін Алматыға, №7 орталық қалалық клиникалық ауруханасының шұғыл хирургиялық бригадасына оралады. 1995 жылдың аяғында Кеңестік министрлер ауруханасы – қазіргі Қазақстан Президенті Іс басқармасының орталық клиникалық ауруханасына шақырылып, өмірінің соңына дейін сонда қызмет етті.          

 Қызмет жолы

1988 -1991 ж - дәрігер-хирург, Орталық қалалық клиникалық емхана, Алматы қаласы;

1990 – 1996 ж - шұғыл хирургия бригадасының жауапты хирургы, №7 қалалық клиникалық емхана, Алматы қаласы;

1991 – 1996 ж - Қазақ мемлекеттік дәрігерлерді жетілдіру институтының хирургия кафедрасының ассистенті, Алматы қаласы;

1996 – 2012 ж - Қазақстан Республикасы Президенті істері басқармасы жанындағы Орталық клиникалық аурухана хирургия бөлімінің меңгерушісі;

2008 – 2010 ж - Ұлттық Медициналық холдинг  Директорлар Кеңесінің мүшесі, «Республикалық Жедел Медицина ғылыми орталығы» акционерлік  қоғамының тәуелсіз директоры, Астана қаласы;

2008  - 2012 ж - ҚР Президенті істері басқармасы жанындағы Орталық клиникалық емхананың хирургия орталығының жетекшісі;

2012, қаңтар-тамыз  -  ҚР президенті істері басқармасы жанындағы Орталық клиникалық аурухана Бас дәрігерінің орынбасары, Хирургия Орталығының жетекшісі;

 

Білімі:

2010, наурыз – Денсаулық сақтау саласы және қоғам саулығының өзекті мәселелері, А:Н. Бакулаев атындағы жүрек-қан тамырлары хирургиясы ғылыми орталығы, РАМН, Мәскеу қаласы;

2010, қазан – Денсаулық сақтау жүйесіндегі өзекті мәселелер статистикасы, А:Н. Бакулаев атындағы жүрек-қан тамырлары хирургиясы ғылыми орталығы, РАМН, Мәскеу қаласы;

2010 – «Қоғамдық денсаулықсақтау менеджементі» халықаралық курсы (Management in Public Health), Израиль;

2003, 2005, 2006, 2010 –  Алматы дәрігерлер біліктілігін жетілдіру институтында қан тамыпрлары хирургиясы, кезек күттірмейтін хирургия, қатерлі ісік, проктология бойынша білім жетілдіру курсы;

2001 – Мэриленд университеті, NASA  жанындағы Шығыс және Батыс Космос ғылыми орталығы, телемедицина бойынша жұмыс орнында тәжірибе, АҚШ, Вашингтон қаласы;

1998 – Женева Универистеті гопситалі, құрсақ қуысы мүшелері хирургиясы және ағзалар трансплантациясы бойынша қызмет орнында тәжірибе, Швейцария, Женева қаласы;

1984-1987 – А.В.Вишнев атындағы хирургия Институты аспирантурасының күндізгі бөлімі, медицина ғылыми академиясы КСРО, Мәскеу қаласы;

1982-1984 - А.В.Вишнев атындағы хирургия Институтының клиникалық ординатурасының КСРО МҒА академигі, арнайы академиялық топтың профессоры В.И.Стручков, Мәскеу қаласы;

1976-1982 – АММИ-дің емдеу факультетінің студенті, Алматы қаласы;

Өнертабыс патенттері:

  1. Ащы ішек жолдарындағы ойық жараларды хирургиялық жолмен емдеу әдістері.
  2. Тоқішекте жаңадан пайда болған ойық жараларды хирургиялық жолмен емдеу әдістері.
  3. Операциядан кейін пайда болған вентральды жарықшаларды электрохирургиямен емдеу.
  4. Тоқішектің оң жақ бөлігіндегі ауруларды хирургиялық әдіспен емдеу.
  5. Лапароскопиялық аппендэктомиядан кейін пайда болған соқыр ішектегі сынық бөлшектерді емдеу тәсілдері.

 Марапаттары:

  1. «Құрмет» ордені үшін(2011)
  2. «Ерен еңбегі үшін» медалі (1999)
  3. «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігіне» марапат белгісі
  4. Қазақстан Республикасы Перзиденті басқарма істері  жанындағы  Орталық клиникалық аурухананың  Құрмет грамотасы (2004)
  5. Қазақстан Республикасы Перзиденті басқарма істері  жанындағы  Орталық клиникалық аурухананың  Құрмет грамотасы (2004)
  6. «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» Құрмет белгісі (2011)
  7. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан Құрмет грамотасымен марапатталған.

 

1577 1
Рейтинг: +2

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 03 сәуір 2013, 20:49
Пікірлер
+0
04 сәуір 2013, 11:02

Жаннаттық болсын!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

ҚАЗІРГІ АУЫЛ
ҚАЗІРГІ АУЫЛ

Ауыл неге өзгеріп кетті?

СОҢҒЫ ЫСҚЫРЫҚ
СОҢҒЫ ЫСҚЫРЫҚ

Футбол, ЕУРО-2016

Әр қазақ менің жалғызым!
Әр қазақ менің жалғызым!

Шетелдегі қандастарымыз туралы, қазақтың қошы-қон саясатының олқылықтары жайлы

Мен де адаммын!
Мен де адаммын!

Атымды адам қойған соң, Қайтіп надан болайын?

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...