Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / Тағзым / Қажытай Ілиясұлы өмірден озды

Қажытай Ілиясұлы өмірден озды

Қажытай Ілиясұлы өмірден озды

Кеше, яғни, қаңтардың 28 күні ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреты, этнограф, қазақ өнерінің майталманы, белгілі атбегі Қажытай Ілиясұлы өмірден озды. Қазақ руханиятындағы ұлтымыздың өткені мен тек өзіне ғана тән қасиетті болмысын бес саусағындай білетін қадірлі ақсақалымыз енді ортамызда жоқ.

Өмірдерек:

1939 жылы ҚХР-дың Тарбағатай аймағындағы Дөрбілжін ауданында туған. Шыңжаң Тіл институтының (педагогикалық) қытай тілі факультетін бітіріп, «Шыңжаң» газетінің редакциясында аудармашы, сол газеттің Іле, Тарбағатай аймағындағы меншікті тілшісі болып қызмет істеген. 1962 жылы Қазақстанға келіп, 1969 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. «Ара»–«Шмель» журналында, «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде фельетонист, бөлім бастығы, Қазақ теледидарында аға редактор, Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің Бас редакциясында редактор, «Жазушы» баспасында редактор, «Азамат», «Астана», «Астана дауысы» – «Голос Астаны» газеттерінде Бас редактор, ҚР ҰҒА-ның М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер болып қызмет атқарған.
«Дастархан» атты ең алғашқы өлеңі «Шыңжаң» газетінде 1959 жылдың күзінде жарияланған. Лирикалық, сатиралық өлеңдері республикалық баспасөз беттерінде 1965 жылдан жарияланып келді. 1967 жылы Қазақстан Жазушылар одағы мен «Лениншіл жас» газеті бірігіп жариялаған жыр мүшәйрасында бас бәйгеге ие болған. 2001 жылдан бастап халықаралық «Сорос—Қазақстан» қорының және бірнеше республикалық жыр мүшәйрасының алты мәрте жүлдегері. 21 ән мен 3 күйдің авторы.

Шығармалары:

Қайран жастық. Өлеңдер мен поэма. А., «Жазушы», 1974; Усойқы. Сықақ өлеңдер мен мысалдар. А., «Жалын», 1978; Маймылдың мәдениеті. Сықақ өлеңдер мен мысалдар. А., «Жазушы», 1981; Біле білсең. Сықақ өлеңдер. А., «Жазушы», 1985; Қалақай қамшы. Бір томдық сатиралық өлеңдер. «Атамұра», 2001; Тас жарған. Лирикалық өлеңдер. А., «Өлке», 2001.

ИТТІҢ СЫНЫ


(Абайша)


Шот маңдай, кетігі бар, шойын құлақ,

Ешкі бас, есек мойын, бөтен қабақ.

Аузы обыққан жымысқы, пайда жанды,

Ой келте, сумаңдаған болса, шолақ.

 

Теке тіл, бұқа мұрын, темір тісті

Опасыз, өңі салқын, кебін түсті.

Оның дерті – сүйекті бөксесінде,

Өлшеп жұқпай, шошынды... «Өкінішті!»

 

Атақты ұры ит екен түбін білсек,

Үйрендік иттігіне бұрын күлсек.

Екі көзі ішіп-жеп қарағанда,

Жан түгіл, мал жуымас, айдап көрсек.

 

Бозбала әуліктіріп үргізгендей,

Терісін «ұнты» жасап кигізгендей.

Шаптығып, шапқан аттың құйрығына

Ауызын қалмайды әсте бір тигізбей...

 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: жеке мұрағаттан

4713 12
Рейтинг: +3

Дайындаған: Meyirzhan Auelkhan
Қосылған күні: 29 қаңтар 2013, 13:19
Пікірлер
+0
29 қаңтар 2013, 12:48

Иманы саламат болғай...

+0
29 қаңтар 2013, 12:50

Иманды болсын!

+0
29 қаңтар 2013, 12:54

Иә, Жағда Балалықұлы кеткен бір өкінішті күй, өксік өзегімді өртеп еді. Енді міне Қажекең. Жаның жаннатта болсын, Ақсақал!

+0
29 қаңтар 2013, 13:03

Ұрпағына амандық тілеймін

+0
29 қаңтар 2013, 13:04

Иманды болсын

+0
29 қаңтар 2013, 13:05

Иманы саламат болсын!

+0
29 қаңтар 2013, 13:23

Иманы саламат болсын

+0
29 қаңтар 2013, 13:25

Жазушылар Одағында әр сенбі сайын ұйымдастырылып отыратын жыр кешінде үнемі осы кісінің де өлеңдерін тыңдауға баратын едік.Біздің Руда апайымыздың жолдасы. Иманды болсын!

+0
29 қаңтар 2013, 14:48

Жаны жәннәтта болсын!

+0
01 ақпан 2013, 12:55

жаксылыгын берсин

+0
13 ақпан 2013, 16:09

қандай ауыр "озды" деген сөз... осыдан 2 жыл бұрын жазушылар одағында Манас Қайыртайұлы екеуіміз осы кісінің мерей тойына барып, өлең арнап қайтпақшы болған ек, жол түспеген соң өзіне апарып берген едік, жақсы қабылдаған еді. Бір сөзінде Қабдешті шекарадан алып өткенде арқалап едім, сонда арқамдағы адам емес бір дорба роман екенін қайдан білейін деп... енді бұл сөздер естелік боп қалатын болды...әттең!!!

+0
13 ақпан 2013, 16:09

қандай ауыр "озды" деген сөз... осыдан 2 жыл бұрын жазушылар одағында Манас Қайыртайұлы екеуіміз осы кісінің мерей тойына барып, өлең арнап қайтпақшы болған ек, жол түспеген соң өзіне апарып берген едік, жақсы қабылдаған еді. Бір сөзінде Қабдешті шекарадан алып өткенде арқалап едім, сонда арқамдағы адам емес бір дорба роман екенін қайдан білейін деп... енді бұл сөздер естелік боп қалатын болды...әттең!!!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

"Папаңнан" ұят болмасын...

Мен ұғынып болмаған тәрбие

Құлағыңды кесіп алайын ба?!
Құлағыңды кесіп алайын ба?!

Құлақ есту үшін бе әлде бастың пішінінің әдемілігі үшін бе?

Өмірдің өзі үлкен қоңырау секілді...
Өмірдің өзі үлкен қоңырау секілді...

Өмірдің симфониясы болған сыңғырлар.

БУВЕ НҮКТЕСІ
БУВЕ НҮКТЕСІ

"Олардың тарихы" беллетристикасынан

Автор: Мерей Қосын

Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...