Ұзақбай Құлымбетовтің 125 жылдығы

Ұзақбай Құлымбетовтің 125 жылдығы
Фото: Tengrinews.kz

24 қараша күні сағат 10-да Ақтөбе қаласы НұрОтан партиясының ғимаратында көрнекті мемлекет қайраткері Құлымбетов Ұзақбай Желдібайұлының 125 жылдығына орай ғылыми-конференция ұйымдастырылды. Ұзақбай Құлымбетов 1924-1937 жылдары КСРО мен Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің төрағасы болған.

Конференцияда Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты директоры Абжанов Ханкелді бастаған, астанадан келген және басқа да бір топ ғалым баяндама жасады. Жиынға Ақтөбедегі зиялы қауым өкілдері қатысты.

Ақтөбе әкімі Бердібек Сапарбаев қатысып, сөз сөйледі. «Құлымбетов Ұзақбай ұмытылатын тұлға емес, осыған дейін кеткен кемшіліктер түзеледі, әруағы өз дәрежесінде ұлықталады, бұл біз үшін емес, жас ұрпақтарға керек. Сондықтан бүгінгі баяндама жасаушылардың келтірген деректері, айтылмай келген Құлымбетов туралы ақиқатты студенттер мен оқушыларға, тұрғындарға жеткізу керек және бұл бір күндік шара емес, тарихтың ақтаңдақтарын әрдайым есте сақтап, өткен тарихымызда жіберілген өрескел қателіктер қайталанбауы үщін қажет»,– деді.

Конференцияға қатысқан Құлымбетовтің ұрпақтары, туыстары, жерлестері риза болып қайтты. Өлке танушы Ақтөбе аймағында туған қайраткерлердің іздеушісі Мырзабай Бекарыстанның да еңбегін ұмытқан жоқ. 

А. Оралқызы