Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / Тағзым / Жақсылықтың жаршысы еді...

Жақсылықтың жаршысы еді...

Жақсылықтың жаршысы еді...

Бір арыс өтті өмірден! Тау-тау жоспарлары мен қуат-күшін арқалап Нұртас Қазыбаев бақиға кете барды. Жанына жақын жандар мейірім мен адалдық тұнған жүректен біржола айырылғандары үшін қайғыдан қан жұтты. Мен де оның жып-жылы құшағы мен шуаққа толы күлкісінен, құлағымда әлі тұрған зор дауысынан бір сәтте айрылып қалдым.

Нұртаспен сонау 70 жылдары мединститутта бірге оқу бақыты бұйырыпты. Ол біздің нағыз көшбасшымыз еді. Ашық, шынайы, мәрт болмысы өзіне көп достарды тартатын.

Риясыз, бауырмал жан сүрінгенге сүйеу, құлағанға тіреу еді. Қарапайым болмыстың астарында асқан зиялылық, достары мен әріптестеріне жанашырлық, жұмысына адалдық бұғып жататын.

90 жылдары Америкада жұмыс істеп, Алматыға келіп-кетіп жүрген кездерімде туған жерге табаным тиген бойда Нұртасқа хабарласып, ойларым мен жоспарларымды бөлісуге асығатынмын. Өйткені ол жетістіктеріме шын жүректен қуанып, әрі қарай шабыттандыратынын білетінмін. Тек дәрігер достарына ғана емес, барлық достарына дәл маған қарайтындай қарап, үнемі демеп, қолдау білдіретін. Алайда біз де оған осылай жауап қайтаруға тырысқанымызбен, ешқайсымыз дәл Нұртастай бола алмаушы ек.

Кәсібилігі мен асқан біліктілігі, науқастарға деген адамгершілігі жүздеген өмірлерді сақтап қалуға септігін тигізді. Мықты дәрігер оташылық техниканы шебер меңгерді. Америкада бұндай мамандар миллион долллар табады. Нұртас өмірдің шырғалаңына көп шырмалса да, сыр беріп, біреуге қол жайып көмек күткен емес.

Нұртас атақ-даңқа құмартпай өтті. Біз Стручковтың оқулығымен оқып жүрген кезде Нұртас Мәскеуде атақты хирург-академиктың өзімен бірге істес болып, Стручковтың жетекшілігімен кандидаттық диссертация қорғап жүрді. Ол өзінің осы академиялық мектептен шыққанын мақтан тұтатын.

Ғылымға құмартқанымен, Нұртас бара-бара ғылыми қызметке деген қызығушылығын бірте-бірте бәсеңдетті. Өйткені ол кездері біздің ғылыми қызмет деп жүргеніміз шынайы ғылыммен үш қайнаса сорпасы қосылмайтын дүние болып бара жатқан-ды. Сондықтан ол өзінің еселі еңбегінің құнын түсіргісі келмеді. Бұнысы дұрыс та болған екен. Ғылым докторлары мен академиктердің нағыз бағасы қандай екенін қоғам енді мойындай бастады.

Жүрегімізді тілімдеп Нұртас өтті өмірден! Бұл біздің медицинамыз үшін орны толмас үлкен қайғы. Нұртассыз медицина ойсырап қалғандай. Өйткені, өкінішке орай, кәсіби біліктілігі жоғары дәрігерлермен қатар бүгінде  медицинамызды білімсіздік, цинизм, ашкөздік, жауапсыздық жайлап барады. 

Нұртас аласапыран 90 жылдардың өзінде кәсібилік келбетін сақтап қалған аз маманның бірегейі еді. Өйткені ол кезеңде еңбегі бағаланбай, қалт-құлт етіп күн кешкен дәрігер қауымы көп қиындық көрді.  Көптеген дәрігерлер қолдарын бір сілтеп, сауда-саттықпен, басқа жұмыстарымен айналысып кетті. Мен сияқтылар кәсіби келбетін сақтап қалу үшін шетел асты. Әркімнің өз себебі болды. Ал Нұртас бәріне тегеурінмен төтеп бере білді. Отбасындағы тұрмыстық қиындықтардың ауырлығына қарамастан, сағын сындырмай мамандығына деген шексіз адалдығының арқасында біз үшін медицинаны сақтап қала алды. Осы әрекеті үшін біз оған мәңгілік қарыздар болуымыз керек.

Еңбек жолының көбін Қазақстан Президенті Іс басқармасының орталық клиникалық ауруханасына арнады. Бұл аурухана Нұртасқа борыштар десем, артық айтқаным емес.

Нұртастың жаны екіжүзділікке, жәдігөйлікке, жебірлік пен азғындыққа қас еді. Бұндай қасиеттерге қарсы тұрып, қашанда әділдіктің ақ туын құлатпайтын. Адам төзгісіз жағдайларда ота бөлмесіне барып, сабырға келетін. Екі апта бұрын ғана Нұртас өзінің хирургиялық блогын мақтанышпен таныстырып еді.

Біздің әңгімілеріміз таңнан таңға ұласатын. Дегенмен бұл жылы кездесулер көбіне Нұртастың түн ортасында қансыраған науқасқа көмекке жүгіруімен үзіліп қалып жататын. Ол өзінің жұмысына деген жанкешті еңбегімен ерекшеленетін.

Нұртас нағыз патриот еді. Қазақстанды мақтан тұтып, өзгеге жалтақтамай, өз күшіне сене біліп, ел үшін еңбегін аямайды. Бәріміз ұлттық идеяның формуласын табуға бас қатырып жатамыз. Оны алыстан арбалаудың қажеті жоқ. Еңселі еңбек пен адалдықтың үлгісі – Нұртастың өрелі өмірі, міне, нағыз нұсқа, нағыз формула.

Америкада марқұмдардың жаназасын шығармайды, керісінше сүрген өмірін мадақтайды. Мен де Нұртастың қамшының сабындай қысқа болса да, өнеге мен үлгіге толы өмірін мойындап, күлімдеп сағынышпен еске аламын.

Өткен жылдың желтоқсанында Нұртас «Құрмет» орденін кеудесіне тақты. Бұл атаулы оқиғаны бәріміз бірге тойладық. Бұл менің әдетте сатып алынатын мемлекеттік марапаттарға деген сенімімді қайта оятқандай болды. Нұртас адал еңбегі мен асқан жауапкершілігінің арқасында бұл сыйлыққа әбден лайық еді. Ол тек достары мен әріптестері арасында ғана емес, мемлекет қайраткерлері мен бизнесмендердің, менеджерлер мен ғалымдардың арасында асқан құрмет, биік беделге ие болды.

Қоғам қайраткері, белгілі жазушы, шебер журналист Кәкімжан Қазыбаевтың атын биік көтеріп алып жүре білген ұлы Нұртас өзінің мәртебелі жанұядан шыққандығы үшін ешқашан дандайсыған емес. Ол адамдарға жақсылық жасауды парызы ретінде қабылдады. Кәкімжан аға өмірден өткен соң, оған білікті де білікті, әйгілі педагог анасы Орынша тәте асқан парасаттылықпен тәрбие берді. Бұл құндылықтарды Нұртас балалары Салтанат пен Дарханға да сіңіргеніне сенімдімін.

Тағдыр талқысын бір кісідей көрген Нұртас есейе келе өзінің шынайы махаббаты – Шолпан сұлуды кездестірді. Ол Нұртастың жанына жайлылық, жүрегіне ыстық сезім сыйлады. Олар бір-біріне тіпті дауыс көтеріп көрген емес, олардың қарым-қатынастары әдемі сыйластықпен өрілді.

Нұртас өзім қадірлейтін медиашы мамандығының хасшебері Батыр атты інісін әрдайым ерекше мақтан тұтатын. Әпкесі Наргүл мен күйеу баласы Нүркенді рухтас, мүдделес, жақын достарындай сыйлады. Бұндай жылы қарым-қатынастар барша жанұяға үлгі-өнеге деп білемін. Көптеген іні-қарындастарының әрбір сәтті қадамына Нұртас бейне бір өзі жеткендей қуана білетін. Олардың аттарын аузынан тастамай айтып жүруші еді.

Нұртас таза болмысымен өз мамандығын, достарын, жақындарын, отбасын шексіз сүйе білді. Кез келген жағдайда кісілік келбетін сақтап, «таспен ұрғанды аспен ұратын». Іштей Нұртасты киесі бар қасиетті адам деп танитынмын. Исламда Рамазан айында өмірден өткендер жұмаққа барады деп жатады. Рамазан айында мен Нұртастай жан досыммен қимай қоштастым. Дін жолындағы адам болмасам да, іштей Нұртас өзінің нұр шашқан күлкісімен айналасын жадырату үшін таңғажайып әлемнен орнын табады дегенге сенгім келеді.

Алмаз Шарман

Аударған: Massaget.kz

Сурет: tengrinews.kz 

830 0
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 14 тамыз 2012, 11:58
Пікірлер
+0
13 тамыз 2012, 17:32

қабірі жарық болсын!

+0
13 тамыз 2012, 17:53

өкінішті, алды жарық, арты қайырлы болсын

+0
13 тамыз 2012, 18:08

жатқан жері жайлы болсын

+0
13 қыркүйек 2012, 16:45

арты қайырлы болсын

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...