Кеңес Одағының соңғы батыры қайтыс болды

Кеңес Одағының соңғы батыры қайтыс болды
Фото: http://tengrinews.kz/

Қыркүйектің 18 күні Үштөбе қаласында Кеңес Одағының Қазақстандағы соңғы батыры Иван Косенков қайтыс болды. Қария 92 жаста болатын. Бұл туралы 24.kz арнасы хабарлады. Соңғы сапарға 20 қыркүйекте шығарып салады.

Иван Васильевич Косенков 1923 жылы 30 желтоқсанда Богословкада дүниеге келген. 1941 жылы желтоқсанда Қызыл Әскер қатарына шақырылған. Сол уақыттан бастап майданда соғысады.

Қ. Бүйенбай