Астаналықтар Жағалауда Батырхан Шүкеновтің әндерін орындады

Астаналықтар Жағалауда Батырхан Шүкеновтің әндерін орындады
Фото: tn.kz

Астанада әнші, композитор Батырхан Шүкеновпен қоштасу болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Талантты Шүкеновтің әнін орындап, гүл қою үшін Жағалауға, Кенесары ескерткіші жанына жүздеген адам жиналды.

Қайғылы шараға қоштасу сөздерін айтып, кумирін еске алып шырақ жағуға жүздеген азамат ауызбіршілікпен жиналды. Шараны ұйымдастырушылар жиналып, Батырхан Шүкеновтің әнін орындау ұсынысын Facebook әлеуметтік желісінде таратқандарын айтты. Астана тұрғындары бір ауыздан қолдады, әннің сөзін алып, қолдарына гүл мен портрет ұстап, Жағалауға келді.

ап

Көңілдері құлазып, мұңайған халық көз жастарын күнге қарсы көзілдірікпен жасыруға тырысты, бірақ аккорд ойнағанда эмоцияларын жасыра алмай, барлығы жылады.

Мұнда ешқандай нақты сценарий не жоспар болған жоқ, сезім сәтінде әрқайсысы өзінің эмоциясын жеткізуге талпынды.

Жас аналар балаларының көзінше жылап тұрып, Батырханның шығармашылығын сөз етті, ал балалары: «Анашым, не үшін жылап тұрсың?»- деп сыбырлай сұрады. Ескерткіш сатысында тұрған қыздар ақырын әндете бастады.

«Джулия» әні осы қайғылы еске алу кешін ашады деп шешіп, сағат кешкі жетіде олар ән айта бастады. "Нелюбимая", "Твои шаги", "Отан Ана" – әрбір ән көз жастарына ерік берді. Гүлдер. Әлдекім Батыр туралы бірер сөз айтуды, оны астаналықтар дәл осылай атағанын білдіруді шешті. Ол әрдайым жақын дос болып табылатын кумир еді. «Ол әр адамға ерекше көңіл қоятын. Еш жасандылық жоқ. Тек қана талант»,- деп адамдар жылаған үстіне жылады. Қолына Батырхан Шүкеновтің портретін ұстаған жас жігіт өзінің әлдебір композициясының ең қиын сәтінде қол ұшын созып, демеген кумирімен бірге ән салсам деген арманының іште өлгенін айтты.

Алматыда да ашық аспан астында Батырхан Шүкеновтің әнін орындауға жүздеген адам жиылды.

29 сәуір күні түнде өмірден өткен Батырхан Шүкеновті еске алу рәсімін 1 мамыр күні сағат 10:00-де Алматыда Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармония ғимаратында өткізу жоспарлануда. Туыстары мен жақындары 29 сәуір күні әншімен Мәскеуде Боткин атындағы қалалық клиникада қоштасты.

Батырхан Шүкенов еңбек жолын Роза Рымбаеваның саксофонисі болумен бастады. Әртіс 1988 жылы өзі және достары құрған "А'Студио" тобының фронтмені болды. "Джулия", "Стоп, ночь" және "Нелюбимая" сияқты хит әндері топқа танымалдылық алып келді. Шүкенов соло еңбек жолын 2000 жылы бастады. 2014 жылы "Живой звук" шоуының жеңімпазы, 2015 жылы "Россия 1" арнасындағы "Один в один" телешоуына қатысушысы болды.

Н. Айдархан