Әнші Батырхан Шүкенов қайтыс болды

Әнші Батырхан Шүкенов қайтыс болды

Қазақстандық әнші Батырхан Шүкенов дүниеден озды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Super.ru ақпараттық порталына сілтеме жасай отырып. Белгілі мәліметтерге сүйенсек, А'Студио тобының алғашқы әншісі жүрек талмасынан қайтыс болған. Барлығы қалай болғандығы әзірге белгісіз.

Мейрамбек Бесбаев, Полина Гагарина, Алсу, Кети Тапурия өздерінің әлеуметтік желідегі парақшасында Батырхан Шүкеновтың қазасына қайырлы болсын айтқан екен. Алсу: «Неге ең жақсы деген адамдардан қол үзіп қала береміз? Батыр, сен әрдайым біздің жүрегімізде боласың, - деп жазған.

Полина Гагарина: «Мен сөз таба алар емеспін... Арамыздағы талантты, ақылды, мейірімді, музыкашы, білімді және асыл да пәк адам бақилық болды. Өте ерте. Күтпеген жерден. Жаның жәннатта болсын! Топырағың торқа, иманың жолдас болсын! Батыр! Әрдайым жадымызда боласың! Сене алар емеспін. Отбасына қаза қайырлы болсын деймін. Күш пен қайрат! RIP», - деп жазған екен.

Батырхан Шүкенов 1962 жылы 18 мамырда Қызылордада дүниеге келген. Өзінің мансап жолын әнші Роза Рымбаеваның саксафоншысы болудан бастаған. 1988 жылы "Джулия" хитін халыққа паш ектен А'Студио тобының фронтмені болып сайланады. Алла Пугачеваның «Рождестволық кездесулерінен» кейін халықтың көзайымына айналады. «Ақ өзен», «Тоқта, түн», «Махаббат сарбазы», «Жаздың жылы кештері», «Сүйгенім емес» сынды композицияларын барша халық сүйіп тыңдайды.

Massaget.kz ұжымы Батырхан Шүкеновтың өмірден озуына байланысты барша қазақ жұртына, отбасына қайғырып көңіл айтады...

Сурет: voxpopuli.kz 

Қ. Бүйенбай