Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / Тағзым / 23 сәуір – Қасым Қайсеновтың туған күні

23 сәуір – Қасым Қайсеновтың туған күні

23 сәуір – Қасым Қайсеновтың туған күні

Бүгін, 23 сәуір Ұлы Отан Соғысында елі үшін қан кешіп, жаумен арпалысқан партизан Қасым Қайсеновтың өмірге келген күні. Ол Қазақстанның халық қаһарманы, жазушы, партизан, полковник қана емес. Ол елі сүйген мәңгі өлмес тұлға. Қасым Қайсенов 1918 жылдың 23 сәуірі күні Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданының Асубұлақ ауылында, кедей шаруа отбасында өмірге келген. 

Өмір жолы...

Қасым Қайсенов 1935 жылы он жеті жасында Өскемен қаласындағы саяси-ағарту техникумына оқуға түседі. Оқу орнын 1937 жылы аяқтайды. Жұбайы Асыл екеуі бірге бітіріп, 1937 жылы шаңырақ көтереді. Асыл әжеміз сол жылы небары 16 жаста болған екен. Ол өзінің қиын қыстау өмірін қасиетті Кереку жерінен бастаған. 1938 жылы Павлодар облыстық оқу бөлімінде инспектор болып қызмет істеген. 

Соғыстағы Қасым Қайсенов...

1940-1941 жылдары арнаулы әскери дайындық мектебінен өткеннен кейін, оңтүстік-батыс майданының штабына жіберіледі. 1941 жылы жау қолында қалған Украина жерін азат етуге аттандырылады. Партизан қозғалысының алғашқы жетекшілері ретінде Закарпатья, Молдавия, Румыния, Чехословакия жерін неміс басқыншыларынан азат етуге қатысып, көптеген күрделі операцияларды жүзеге асырды. Қасым Қайсенов өзін өжет, тапқыр және ұйымдастыру қабілеті зор командир ретінде көрсетті. Ол басшылық еткен отряд көптеген операцияларды сәтті жүзеге асырып, жауға соққы берді. Жазушы Ұлы Отан соғысы кезіндегі ерліктері үшін Ұлы Отан соғысының бірінші дәрежелі орденімен, Богдан Хмельницкий орденімен және көптеген медальдармен наградталды.

Қасым атаның қаламынан туған туындылар

Ол партизандық өмір жолын, қарулас жолдастарының қаһармандығын бейнелейтін "Жас партизандар" (1954), "Ажал аузында" (1959), "Жау тылындағы бала" (1961), "Жау тылында" (1973), "Партизан соқпақтары" ( 1978) , "Переяслав партизандары" тәрізді көптеген шығармалар жазды. Аталған туындалардан А.В.Тканко, Е.Д.Ломако, И.К.Примак тәрізді партизан отрядында бірге болған жауынгер достары жайында ыстық көңілмен әңгімелейді. Қасым кітабының тамаша бір тарауын Украин партизандарының ардақ тұтар ақсақалы, халық соғысының қаһарман басшысы, әрі ақылды, әрі қатал генерал-майор Сидор Артемьевич Ковпакқа арнайды.

Қасым Қайсенов батырымыз жайлы кинофильм де түсірілген болатын.

Қазақта орны бөлек тұлға Отан үшін от кешіп, бейбіт заманның да таңын атырып, кешін батырды. Ол бүгіндері біздің арамыздан алыстап кетті. Бірақ елі оны ұмытқан емес. Ұмытпайды да...

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

сурет: ulanka.pushkinlibrary.kz

3441 4
Рейтинг: +1

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 23 сәуір 2013, 10:03
Пікірлер
+0
23 сәуір 2013, 09:52

Қазақтың батырына мың тағзым!!!

+0
23 сәуір 2013, 10:15

Өмір жолы шытырман оқиғаға толы керемет жан! Біздің үйде "Партизан соқпақтары" атты кітабы болушы еді, қанша оқысаң да жалықтырмайды.

+0
23 сәуір 2013, 10:17

Бірінші курста оқыған кезде кетіп еді өмірден

+0
23 сәуір 2013, 13:05

өте жақсы кісі болатын. Соғыстың біраз шындығын өзімен бірге ала кетті ғой...

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...