16 сәуір – Чарли Чаплиннің туған күні

16 сәуір – Чарли Чаплиннің туған күні

Бүгін 20 ғасырдың әйгілі актеры Чарли Чаплиннің өмірге келген күні. 

Ол 1889 жылдың 16 сәуірінде эстрада актерлерінің отбасында дүниеге келді. Оның ата-анасы Еуропа мен АҚШ-тың ортасында дүбірлетіп жүріп концерт қоюды кәсіп қылып, ақша тауып жүрді. Бірақ күннің бір күнінде Чарлидің әкесі дауысын айырылып, соның қайғысынан спирттік ішімдікке салына бастады. Ақыры не керек, қу арақ оның да түбіне жетіп, өлтіріп тынды. Көп ұзамай анасының да уақыты келіп, ол да о дүниеге аттанып кете барды.

Осылайша ағайынды Чарли мен Сид тағдырдың айдауымен ақша табу үшін ел кезіп кетті. Көпшіліктің алдында пантомима көрсетумен айналысып жүрген Чарли бұл кәсібін де, мектептегі оқуын да тастап, жан бағудың басқа әдісін іздеуге көшті.

Біраз уақыт өтпей театрға орналасты. Алғашында жай ғана актер болып жүрген ол кейін өзі де кино түсіріп, туындыларын халыққа ұсынды. 1917 жылы First National Pictures киностудиясы актермен 1 миллион долларға келісім-шартқа отырды. Осылай Чарли кино тарихындағы ең қымбат актер атанды. Айта кетелік, ол замандарда фильмдер дыбыссыз болатын. Ол 1975 жылы 25 желтоқсанда өмірден озды.

Чаплиннің қызына жазған хаты

"Күлкі болу - өлім, күле білу - өмір, күлдіре білу - өнер" деген сөздің шыңына шығып, әлемдегі қаншама көрерменнің сүйікті кейіпкеріне айналған Чарлиді ешкім ұмытпақ емес. 

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

сурет: loco-bird.livejournal.com

А. Әбілхан