Қарындашпен салынған адам сенгісіз сурет

Қарындашпен салынған адам сенгісіз сурет

Италиялық жас суретші Диего Фацио өзінің гиперреалистік суреттерінің жалған еместігін көрермендеріне әрдайым дәлелдеп жүруге мәжбүр. Себебі оның туындылары адам сенгісіз.

Суретшінің интернет беттерінде DiegoKoi  деген лақап атпен пайда болатын әрбір жаңа жұмысына қолданушылар әрдайым «сенбеймін, бұл фото», «сенгісіз» деген секілді пікірлер қалдыратын болған. Ақырында 22 жастағы суретші, қарындашпен сурет салудың шебері өз шығармашылығының құпияларымен бөлісуге мәжбүр болды.

Сурет салуды өз бетінше үйренген Диего Фацио алғашында татуировка эскиздерін жасаудан бастаған екен. Жапондық суретші Кацусика Хокусайдың шығармашылығына қатты қызыққан Диего сурет салудың өзіндік техникасын жасап шығу мақсатында  өз шеберлігін арттыруды ұйғарады. Ол әрбір жұмысқа кіріскенде, қағаздың шетінен бастайды және сурет салуда бар болғаны әдеттегі қарындаштар мен көмірді ғана қолданады. Бір портретті толық салып шығуға суретші 200 сағаттан астам уақыт жұмсайды.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: adme.ru

Ж. FM