Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / Әйгілі өнер жұлдыздарының жұмбақ өлімі

Әйгілі өнер жұлдыздарының жұмбақ өлімі

Әйгілі өнер жұлдыздарының жұмбақ өлімі

Тарих сахнасында әлемге әйгілі қаншама көркемөнер жұлдыздары бой көрсетті. Таңғажайып табысқа жетіп, өз көрермендері, тыңдармандары, жанкүйерлерінің жүрегінен өшпестей орын алды. Кейбірі өмірден ерте кетіп жатты. Оларға не үшін өлімнің соншама жақын болатынын кім біліпті дейсің?! Ем табылмас дерттен, шырғалаңнан, қапияда жолыққан ажалдан, ал кейбірі ашықтан-ашық қастандықтан. Ал кейбірі әлі күнге дейін өз биігінен түскен жоқ. Түскен жоқ емес, керісінше, күн сайын табыстан-табысқа жетуде.

Алайда біз тек атын еститін, көк жәшіктің терезесінен ғана көретін, кез келген екі аяқтының қолы жете бермейтін осынау әншілер мен бишілердің, кино актерлері мен әр сала қайраткерлерінің жеке тағдыры жөнінде ойланғанда, көз алдымызға тек бақытты ғұмыр, көл-көсір ақша, орасан зор даңқ пен атақ қана елестейді. Дегенмен, олардың қаншама қысым мен қорқыныш ішінде өмір сүріп келе жатқаны тек өздеріне ғана мәлім. Жер бетіндегі адамзат атаулыға танымал өнерпаз атулы өмірдің ләззатын ғана көріп келе жатқандай боп көрінгенімен, олардың басым көпшілігінің ғұмыры жүрек түкпіріндегі алаңдаушылық пен әлденеге деген кіріптарлық, әлде біреуге деген бағыныштылық, үрей ішінде өтетінін біз біле бермейміз.

Біз төменде өз дәуірінде даңқы бүкіл жер бетін шарпыған, теңдессіз атақ-абырой мен байлыққа кенелген бірнеше әншілер мен өнер жұлдыздарының өмірден өткен күніне назар аударып көрелік. Бұлардың өліміне улы ішімдік, тыныштандыру дәрісін көп тұтыну немесе қатерлі ісік аурулары себеп болған деп үкім шығарылған.

Майкл Джексон (Әлемдік ән патшасы)

Фарра Фосетт (Әлемге әйгілі кино ханшайымы, әнші)

Скай Саксон (Әлемге әйгілі музыкалық топтың бас әншісі)

Джеймс Браун (Өз кезегінде әлемдік деңгейде ән өнерінің жұлдызына айналған өнерпаз)

Дин Мартин (Голливуд Оскар кино патшасы атанған)

Эрта Мэй Китт (Әлемге әйгілі кино әртісі әрі әнші)

Лиза Лопес (Ол сахнаға шыққан дәуір «Лиза Лопес дәуірі» деп аталған, әлемге әйгілі әнші)

Роджер Траутман (Рок музыкасының әлемге әйгілі жұлдызы. Осы саладағы ең беделді әнші болған)

Аалия Хогтон (Ол сахнаға шыққан жылдары қатты дәурендеген, «Американың ең беделді негр әншісі» болған)

Кейбіреулер жоғарыда аталған әншілердің тағдырында таңғажайып ұқсастықтардың болғаны жөнінде айтады. Ең бастысы, бұлардың бәрі де өз өлімдерін болжап кеткен, тіпті, өзінің ең жақын, жанашыр адамдарына әлде кімдер жағынан қысым көріп жүргенін айтып, мұңын шаққан көрінеді. Ал бұл әншілердің өлімін тексермек болғандар да үзілді-кесілді өз жұмысын доғарған. Еш себепсіз. Ал кейбір деректер бұл әншілер мен өнер жұлдыздарының белгілі бір қоғамдық ұйымға мүше болғанын растайды. Бір қызығы, осы аталған тоғыз өнер жұлдызы да өмірінің соңғы күндерінде сол бір белгісіз ұйымнан бас тартқан. Бұл жайлы нақты деректер де бар. Мұның ішінде Майкл Джексон өзінің қастықпен өлтірілетінін болжап кеткен. Ол өмірінің соңғы кездерінде өзіне қастандық жасайтындардың кім немесе қандай ұйым екенін айтпаған, тек «әлдекімдер маған құқай көрсетуде, мен өлетін болдым» деген секілді сөздерді айтқан. Сол үшін де оның өлімін қастандық болуы мүмкін деп мөлшерлеген әншінің отбасы оның дәрігерін күмәнді деп, сотқа шақырған. Қоғамда біраз уақыт дүмпу тудырған бұл сот та аяқсыз қалды немесе ешкімді кінәлі деп тапқан жоқ.

Бәрінен де үрейлі, тылсым, қызықты мәлімет мынада жатыр. Бұл өнер жұлдыздарының өмірден өткен күндері бірдей.

Майкл Джексон          25.06.2009

Фарра Фосетт            25.06.2009

Скай Саксон                 25.06.2009

Джеймс Браун           25.12.2006

Дин Мартин                25.12.1995

Эрта Мэй Китт           25.12.2008

Лиза Лопес                25.04.2002

Роджер Траутман      25.04.1999

Аалия Хогтон             25.08.2001

Біздің айтып отырғанымыз тек қана бүкіл әлемді аузына қаратқан әншілер мен кино саласындағы қайреткерлер, сонымен қатар, өмірден өткендердің бір бөлімі ғана. Егер, осы әйгілі әншілердің тағдыры, өлімі жайлы интернет беттерін парақтасаңыз, бұдан да көп таңғажайып мәліметтерді табуға болады. Дегенмен, қайсы шын, қайсы жалған, біліп болмайсыз. Біз тек, сіздермен нақты әрі қызықты деректермен ғана бөлістік. Сіз не ойлайсыз?..

Автор: Алшын Матай

Сурет: blogspot.com, eil.com, peoples.ru, baidu.com

6121 16
Рейтинг: +6

Дайындаған: Қайсар Қауымбек
Қосылған күні: 13 наурыз 2013, 11:04
Пікірлер
+0
13 наурыз 2013, 11:27

:shock: Құдай сақтасын, бұл не жұмбақ?!

+0
13 наурыз 2013, 12:27

Бәрі де өлу үшін дүниеге келеді. Сол бір жасырын ұйымның арқасында өнер биігіне көтерілген шығар. Соншама көл-көсір атақтан өмірлерінің соңында бас тартқан болып тұр ғой.

+0
13 наурыз 2013, 15:14

қызық жұмбақ

+0
13 наурыз 2013, 15:49

Барлық жұлдыздар бір күнде өлген емес қызығы,тек бір күнде өлген жұлдыздардың тізіміғой!

+0
13 наурыз 2013, 16:03

қызық екен неге осындай адамдарға қастық жасайды екен?қызғанып...

+0
13 наурыз 2013, 16:33

Ажалды алдай алмайсың.

+0
13 наурыз 2013, 17:04

Бұл қызғаныш емес, әлемге атышулы діни ұйым. бүгінгі әлемдік өнер жұлдыздарының көпшілігі осы ұйымның мүшесі, Ал бұл ұйымға кіру үшін бүкіл әлем таныған жұлдыз болуың керек. ақша да, билік те бар. тек шығам десең, өлімнен басқа жол жоқ. жоғарыда аталғандардың барлығы да өмірінің соңғы кезінде осы тылсым ұйымнан бойын аулаққа салып, қарсы шыққандар

+0
13 наурыз 2013, 18:03

Қандай ұйым екен а?

+0
13 наурыз 2013, 23:52

jaksi bolgan

+0
14 наурыз 2013, 14:27

ЖҰМБАҚ ПА ? ШЫНДЫҚ ПА ?

+0
18 наурыз 2013, 11:13

Жұлдыз болу үшін табиғи дарынмен қоса, күш-қайрат керек дегендей болдығо. Сосын таңылғасын тағы адамдардын пікірі. Әрине көпке ұнау қиын. Бұл өзі бір жұмбақ болдығой,,,

+0
21 наурыз 2013, 22:55

ма саган мына жерде 3 бирдй адам бирге олипти гой демек булар шынмен 1 уйымга кирген :o :o :o :shock: :shock: :shock:

+0
27 наурыз 2013, 17:04

Құдай "адамдар таң қап жүрсін" деген шығар

+0
02 сәуір 2013, 20:36

Менин де ажем 25 ине дуниеден озды

+0
28 мамыр 2013, 19:20

қандай ұйым мафиялық шығар

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...