Оқи отырыңыз

Көркем сөз – көңіл тілі,
Жалаң сөз – зейін тілі.

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Массагет жастарды жұмысқа шақырады
Массагет жастарды жұмысқа шақырады

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / Хоболар туралы не білеміз?

Хоболар туралы не білеміз?

Хоболар туралы не білеміз?

XIX ғасырда пайда болған субмәдениет туралы не білеміз? Олар туралы қазір ұмытылып бара жатқанынан хабардар етсек артық болмайды деген ойдамыз.

Хоболар – Америка жазушыларының ең үлкен тақырыбына айналған көшпенділер. Олар жақсы өмір сүрудің амалын іздеп, көше кезіп жүріп бір-бірімен үнемі байланысып отырған. Жазушылар көшенің кейбір жерлеріне өздері ғана түсінетін белгілер сызып отырған екен. Мұндағы басты мақсат өзінен басқа хоболар жаман адамдардың қолына түспеуін қамтамасыз ету. 

Бүгінде бұл субмәдениет еш жерде айтылмайды. Хобо деп қазіргі қайыршылар мен үйсіз, дала кезгендерді айтады. Ал негізінде бұлай деп АҚШ-тағы көшпенді жұмысшыларды атайтын. Нәпақа табу жолында олар қандай жұмыс ұсынылса да істейді екен. Бір ерекшелігі, олар бір жерде ешқашан да тұрақтамайды. Хоболар саяхаттауды қалайды, бұдан басқа олар барлық істе де шебер. Бірақ олар ешқашан қайыршыға ұқсап нан-су сұрап, немесе қаңғыбастық өмір салтын ұстанбайды. Олар көбіне тауар таситын пойыздар арқылы саяхаттап, ел аралаған.

Қазіргі таңда АҚШ-та 20 мыңға жуық адам хоболардың дәстүрімен өмір сүреді.

Хоболардың құпиясы

Ерекшелігіне тоқталайық. Қандай да бір субмәдениетте жазылмаған заңдары болады. Сол секілді, хоболардың да ішкі кодекстері болған екен. Олардың өмірі қаншалықты қызық болса, соншалықты қиын. Сондықтан да өз достары үшін әр хобо түсінетіндей құпия жазу ойлап табады. Тағам, су, жұмыс және тағы да басқа мәселелерді шешу жолында бұл құпия жазудың маңызы зор болған. Қала тұрғындары хоболарды аса ұната бермеген. Құпия жазуларды оқығысы келген зерттеушілер әлі күнге бұл белгілердің мағынасын ашып бере алмаған. Мәселен, шеңбер ішіндегі ирек сызық жақын маңда сот немесе түрме бар дегенді білдіреді. Хобо-белгілер көбіне қала темір жолдарында, көпшілік орындарда табылған. Олар бұл белгілер арқылы бір-бірін құқық қорғау және тәртіп сақтау орындарының қолына түсіп қалмауын ескерткен.

Хоболардың жазылмаған кодексі:

  • Бөтен жерде жерліктердің заңы мен билік өкілдерін құрметте, әрқашан да джентльмен бол.
  • Біреу сәтсіздікке ұшыраса бұл жағдайды өзің үшін пайда етуге болмайды.
  • Ешкім істегісі келмеген жұмысқа кіріс. Бұл арқылы істің жүруіне көмек көрсетесің, ал бір жағынан бұл қалаға қайтіп оралған соң жұмыс берушінің сеніміне кіре аласың.
  • Табиғатты аяла, қоқыс төгіп жүруші болма.
  • Өзге хоболармен аялдаған жеріңде қоғамдық іске араласып, көмек қолыңды соз.
  • Реті келгенде тазаланып, жуынып жүр.
  • Пойызда жүргенде көпшілік жолаушының мазасын алма, жүргізушілермен мәселе туғызба.
  • Вокзалға кіре берісте ешқашан дау тудырма. Басқа да хоболар еш қиындықсыз бұл жерден өтуі керек.
  • Өзге хоболардың балаларға тиісуіне жол берме. Тәртіп бұзушыны тәртіп сақтаушылардың қолына өткіз. Ондай адамдар қоғамның ең төменгі сатысына да жатпайды.
  • Үйден қашып кеткен балаларға көмектес, үйіне оралуға кеңес бер.
  • Өзге хобо көмек сұраса әрқашан да көмек қолын соз. Аянба. Себебі саған да кейін көмек керек болады.

 Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: vk.com

2112 2
Рейтинг: +2

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 12 наурыз 2013, 18:49
Пікірлер
+0
12 наурыз 2013, 20:59

Естімеген елде көп деген, мен білмеппін. Қызық екен

+0
13 наурыз 2013, 20:10

Сығандар сияқты екен кей жерлері.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Жасанды тіс-имплантат
Жасанды тіс-имплантат

Оқып,көңіліңізбен бөлісе отырыңыз!

Тыйым салынған махаббат
Тыйым салынған махаббат

Кино-сериалдағы махаббат өмірде бар ма екен деген сұраққа жауап

Бақытты едім...
Бақытты едім...

Бұл жазып отырғаным дұрыс па, бұрыс па білмеймін...

Автор: Misha Serikov
МЕН КӨЗБІН
МЕН КӨЗБІН

Жансыз көзге жан бітірдім


Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...